Accessibility links

Қырымдағы "Аққу көлі"

Қырым түбегінде сыбырлауық аққулар негізінен Раздольный ауданындағы "Лебяжьи острова" ("Аққу аралдары") орнитологиялық қорығын мекендейді. Соңғы жылдары құстың бұл түрі Евпатория түбіндегі Сасық-Сиваш көлінде де жиі кездесетін болған. Көлді қазір ондаған аққу мекеніне айналдырған. Әсем құсты тамашалау үшін жұрт көл жағасына арнайы тоқтайды. Аққулар да адамдардың қолынан жем жеуге үйреніп қалған. Әсіресе көл қатып, мұз құрсауында қалатын қыс айларында аққулар адам қамқорлығына аса зәру болады.

Азаттықтың Қырым редакциясының фотогалереясы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG