Украинаның шығысындағы Авдеевка қаласы мен оның шетіндегі өндірістік аймақта - күнде соғыс. Қала шетінде оқ тимеген, жарылыс болмаған жер қалмаған. Қаланы сепаратистер мен Ресей жасақтарынан Украина әскерінің 72-механикаландырылған бригадасы қорғап тұр. Азаттықтың Украина қызметінің фотогалереясы.
Майдан шебіндегі Авдеевка
1
Майдан шебінде өздерімен бірге тұрып жатқан мысықты ұстап тұрған әскери қызметкер.
2
Өндірістік аймақ.
3
Авдеевканы күн сайын танкілер атқылайды. Бірақ Украина солдаттарының айтуынша, кейінгі күндері танкілер азырақ атқылайтын болған. Суретте: танкінің толық жарылмай қалған оғы.
4
Өндірістік аймақтағы қоймалардың бәрі осылай қираған.
5
Снаряд тиген көлік.
6
7
Күнделікті атыс болатынына қарамастан, солдаттар бекінген жерлерін жылыту үшін отын бұтайды.
8
Бұл жауынгер соғысқа не үшін келгенін "5 жасар қызым бар, ол кейін "сен сол кезде не істедің?" деп сұрағанда, жүзім жарқын болады" деп түсіндіреді.
9
Ол бұған дейін Черкасск облысында өрт сөндіруші болып қызмет атқарған. Мұнда келгеніне жыл толған.
10
11
Асханада мерекелік дастархан жайылып жатыр: жазғы салат, қызанақтар, еті мол сорпа.
12
Мерекелік дастархан осы жауынгердің туған күні құрметіне жайылған.