Осы аптада әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттықтың фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
Пхеньяндағы парад және Ресейдегі шеру
1
2001 жылы 11 қыркүйекте болған теракті құрбандарын еске алу шарасына орай орнатылған АҚШ тулары. АҚШ, Калифорния штаты, 11 қыркүйек 2018 жыл
2
Пәкістанның Балочистан провинциясында түрлі тайпалар арасындағы араздықты жоюдың символы ретінде отқа Калашников мылтығы тасталды
3
Қытай гимнасты Чжао Ятинг Софияда (Болгария) өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлемдік чемпионатында өнер көрсетіп жатыр.
4
Солтүстік Кореяның негізінің қалануына 70 жыл толуын атап өту рәсімінде шырағдан ұстап, өнер көрсеткен қатысушылардың төбесінен отшашу атылды
5
Иудаизм дініндегі ағымдардың бірі - хасидизмді ұстанатын еврей диаспорасы Украинаның Умань қаласында Жаңа жылды тойлап жатыр
6
Пхеньянның орталық алаңында өткен әскери марш кезіндегі Солтүстік Кореяның солдаттары.
7
Санкт-Петербургте зейнетақы реформасына қарсы наразылық шарасында көшені жапқан Ресей ұлттық гвардиясының жасақтары және оларға қарап тұрған әйел.
8
Санкт-Петербургте зейнетақысы реформасына қарсы наразылық шарасында полиция балаларды да ұстады. Санкт-Петербург, 9 қыркүйек 2018 жыл