Осы аптада әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттықтың фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
Ашураны атап өту және снайпер Путин

1
Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласында әскери парад кезінде жасалған шабуылдан қорғанған тұрғындар мен солдаттар. 22 қыркүйек 2018 жыл

2
Пәкістандықтардың Ашура күнін атап өтуі

3
Чилидегі әскери парад кезінде лабрадор-ретривер тұқымдас күшіктерді ұстап тұрған әскери қызметкерлер

4
Қытайда құрастырылған әлемдегі ең ірі AG600 амфибия ұшағы

5
Красноярск қаласындағы жеке көрмесіне дайындалып жатқан ұста, суретші әрі мұғалім Сергей Колчин совет одағының негізін қалаушы Владимир Лениннің бюстын әзірлеп жатыр.

6
Грециядағы Салоники қаласында аспан астында өткен сән көрмесінде жаңа дизайнды таныстырып тұрған модельер

7
АҚШ-та өткен дүниежүзілік ат спорты ойынында жапон спортшысының өнер көрсетуі. 20 қыркүйек 2018 жыл

8
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында болған дауылдан кейін үйлер арасында отырған ер адам

9
Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу маңындағы әскери парад кезінде снайпермен нысанды көздеп тұр.

10
Солтүстік Кореялықтардың Пхеньяндағы кореяаралық саммит кезінде өнер көрсетуі

11
Тегерандағы Садат Акхави мешітінде Ашура күні аза тұтып тұрған мұсылман әйелдер

12
Киевтегі президент кеңсесінің алдында өткен наразылық шарасында өздерін қоршауға байлаған шетелдік еріктілер. 20 қыркүйек 2018 жыл

13
Ашура күні қарсаңында Иран азаматтары аза тұту рәсіміне қатысып жатыр. 18 қыркүйек 2018 жыл

14
Советтік әуе күштері офицерінің қалпағын киген ер адам Мәскеу орталығындағы туристік дүкендердің бірінің алдында тұр.

15
Белое көліндегі балықшы

16
Ультраортодокстық еврейлер Йом Кипур діни мейрамы алдында "Капарот" діни амалын жасап жатыр.

17
Техастағы Арлингтон стадионында Далластық ковбой қыздар (Dallas Cowboys cheerleaders) Нью-Йорк Джайентес (New York Giants) командасымен жарысып жатыр.

18
Астанадағы аламан бәйгеге қатысушы

19
Украиналық ультраоңшыл белсенділер Киевтегі бас прокуратура кеңсесінің алдында полициямен қақтығысып, қоқысқа өрт қойды.

20
Йом Кипур діни мейрамы қарсаңында Жерорта теңізі жағалауында діни амал жасап тұрған еврейлер қауымдастығының өкілдері.

21
Жас шығаратын газдан қорғанған полицейлер зейнетақы реформасына қарсылық таныту шарасына қатысушылардың бірін ұстап алып кетуге тырысып жатыр. Санкт-Петербург, 16 қыркүйек 2018 жыл

22
Зейнетақы реформасына қарсы наразылық шарасы. Санкт-Петербург, 16 қыркүйек 2018 жыл

23
Белградтағы "Мақтаныш" парадына қатысушы. Сербия, 16 қыркүйек 2018 жыл

24
Солтүстік Каролинада дауылдан кейін су астында қалған аймақты тастап, қайықпен кетіп бара жатқан отбасы. АҚШ, 16 қыркүйек 2018 жыл

25
Алматыдағы Яркокросс түстер мерекесі алдында бетін түрлі түске бояған қыз. Алматы, 15 қыркүйек 2018 жыл