Азаттық әлем елдерінде фототілшілер назарына ілінген кейбір адамдар мен оқиғалар туралы фотогалерея ұсынады.
Төрткүл дүние бейнелері

2
«Аяз Ата» киіміндегі ер адам Минск төңірегінде дүкеннен азық-түлік сатып алған әйелге көмектесіп, заттарын көтеріп келеді. Беларус, 23 желтоқсан 2015 жыл.

3
Иордан өзенінің батыс жағалауындағы правлосав діні шіркеуінде. 22 желтоқсан 2015 жыл.

5
Күн ұясына қонар алдында Герат қаласы төңірегінде кетіп бара жатқан ауған қызы.

6
Ауғанстан астанасы Кабулдағы босқындар лагерінде тамақ ішіп тұрған бала.

7
Түркияның Стамбул қаласында мерекелік шарада дәруіштер биін билеп жүрген адамдар.

8
Араб Әмірліктері орталығы Абу-Даби қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай кетіп бара жатқан түйе жетектеген адам.

9
Аяз Ата мен Ақшақар және өзге де ертегілер кейіпкерлері киіміндегі адамдар жаңа жыл мейрамы қарсаңында өткізілген шеру кезінде, валюта бағамдары көрсетілген электронды табло маңынан өтіп барады. Краснодар қаласы, Ресей, 20 желтоқсан 2015 жыл.

10
Босния-Герцеговинадағы Сметови тауы жотасына көтеріліп бара жатқан бойжеткен.