Accessibility links

Одақтастардың «Ортақ жеңісі»

Алматыдағы АҚШ елшілігі «Бір жеңіс» атты фотокөрме ашты. Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіндегі көрме 28 мамырға дейін өтеді. Көрме одақтас мемлекеттердің екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әуелі фашистік Германияға, кейін Жапонияға қарсы күресте әріптес болғанына арналған. Онда АҚШ ұлттық архиві қорлары мен Қазақстан кино және фото құжаттар мемлекеттік архивінен алынған суреттер қойылған. Көрмедегі суреттер майдан өті, соғыстағы әйелдер, Қазақстан мен АҚШ-тың соғыс кезіндегі тұрмысы, АҚШ пен СССР әскерінің ынтымақтастығы тақырыптары бойынша бөлінген.

Мұндай көрме Қазақстанның басқа он шақты қаласында да өтеді. Жуықта Вашингтонда - Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде де осындай көрме ашылады.
Түгелін оқыңыз

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж А. Крол «ешбір ел Совет Одағы сияқты шығын шеккен жоқ, Қазақстанның үлесі шынымен үлкен болды» деді.
1

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж А. Крол «ешбір ел Совет Одағы сияқты шығын шеккен жоқ, Қазақстанның үлесі шынымен үлкен болды» деді.

Соғыс және тыл ардагерлері көрмеде отыр.
2

Соғыс және тыл ардагерлері көрмеде отыр.

АҚШ елшісі Джордж А. Крол көрмеге келген ардагерлерді құттықтап, оларға гүл берді.
3

АҚШ елшісі Джордж А. Крол көрмеге келген ардагерлерді құттықтап, оларға гүл берді.

Көрмеге қойылған бұл суретте АҚШ пен СССР әскерлері 1945 жылы 26 сәуірде Эльба өзені жағасында кездескенде құшақтасып тұр. 
4

Көрмеге қойылған бұл суретте АҚШ пен СССР әскерлері 1945 жылы 26 сәуірде Эльба өзені жағасында кездескенде құшақтасып тұр. 

Тағы

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG