Accessibility links

Ресейде Путинге сенетіндер неге азайды?

Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Әлеуметтік сауалнама қорытындысына қарағанда, соңғы екі жылда ресейліктердің президент Владимирге Путинге сенімі ол Кремль билігіне қайта оралған 2013 жылдан бері ең төменгі деңгейге түскен. Бұған не себеп?

Ақпанның 12-і күні "Левада-центр" тәуелсіз зерттеу ұйымы жариялаған сауалнама қорытындысы Ресейді 2000 жылдан бері басқарып келе жатқан президент Владимир Путинді қолдау деңгейі төмендегенін көрсететін басқа сауалнама нәтижелеріне ұқсайды.

Респонденттердің 35 пайызы елдегі бірнеше белгілі саяси тұлғаның арасында Путинге көбірек сенетінін айтқан. 2017 жылы қарашада бұл сенім көрсеткіші 59 пайыз болған еді.

Путиннен бөлек халық сенімінің жоғары рейтингіне ие болған тағы екі саясаткердің қатарында қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен сыртқы істер министрі Сергей Лавров бар. Екеуінің де көрсеткіші Путиндікінен сәл жоғары болып тұр. "Левада-центр" ұйымының директоры Лев Гудков Азаттық радиосына "[2017 жылдың қарашасынан бастап] рейтингтің 24 пайызға төмендеуі шынымен маңызды. Бұл халықтың сенімі жоғалғанын көрсетіп, жалпы тенденцияға әсер етеді" деді.

Мемлекет басшысы рейтингісінің құлдырауы Путинге 2024 жылы екінші президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін билікте қандай рөл бұйыруы мүмкін деген талқылау болып жатқанда Кремль қиын жағдайға қалып отырған сәтке дөп келіп отыр.

Өткен айда Путин Ресейдің саяси құрылымына бірнеше маңызды өзгеріс енгізуді ұсынып, президенттің кейбір құзыретін парламентке беру және Мемлекеттік кеңес деп аталатын квази-консультативтік органның рөлін күшейту туралы айтқан. Бір қызығы, "Левада-центр" ұйымының сауалнамасы 23-29 қаңтар аралығында Путиннің қаңтардың 15-і күнгі саяси өзгерістер болуы ықтимал жайлы мәлімдемесінен кейін жүргізілген.

Ресейдің әртүрлі өңірінде тұратын 1603 дауыс беруші қатысқан сауалнама бетпе-бет сұхбат түрінде өткен. Сауалнама қорытындысындағы қателік ықтималдығы көрсеткіші - 2,9 пайыз шамасында. Алдыңғы сауалнамалардағыдай, бұл жолы да респонденттерге бес не алты саяси тұлғаны атап, оларға қаншалықты сенімді екенін бағалау ұсынылған.

КӨШЕДЕГІ НАРАЗЫЛЫҚ

Путин ұзақ уақыттан бері жақын серігі саналатын Дмитрий Медведевтің президенттігі тұсында премьер-министр болған төрт жыл үзілістен соң, 2012 жылы мемлекет басшысы қызметіне қайта кіріскен еді.

Путиннің билікке оралуы жаппай наразылық туғызды. Көшедегі қарсылық акциялары әсіресе Мәскеуде көп өтті. 2013 жылы тамызда Путиннің сенім рейтингісі ең төменгі 30 пайызға дейін түсті.

Фотогалерея. Мәскеудегі бейбіт шеру (27 тамыз 2019 жыл).

Мәскеудегі бейбіт шеру: мыңнан астам адам ұсталды, ондаған шеруші жараланды

Полиция қызметкерлері жергілікті депутат Александра Парушинаны резеңке таяқпен ұрған. Ол есінен танып қалды.
1/15 Полиция қызметкерлері жергілікті депутат Александра Парушинаны резеңке таяқпен ұрған. Ол есінен танып қалды.
Полиция қызметкерлері акцияға таңертеңнен бастап дайындалған. Жергілікті әкімдік маңындағы Юрий Долгоруков ескерткішін темір қоршаулармен қоршап, Тверь көшесіне қаз қатар автозактар тізіп қойған. Жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12.30 шамасында Тверь көшесі тұтас жабылған. Полицейлер ары-бері өткендердің бәрін ұстап, тіпті жерасты өткеліндегі адамдарды да автозакқа отырғызған. Олар адамдардың топтасуына мүмкіндік бермей, әкімдік маңынан қууға тырысқан.
2/15 Полиция қызметкерлері акцияға таңертеңнен бастап дайындалған. Жергілікті әкімдік маңындағы Юрий Долгоруков ескерткішін темір қоршаулармен қоршап, Тверь көшесіне қаз қатар автозактар тізіп қойған. Жергілікті уақыт бойынша күндізгі сағат 12.30 шамасында Тверь көшесі тұтас жабылған. Полицейлер ары-бері өткендердің бәрін ұстап, тіпті жерасты өткеліндегі адамдарды да автозакқа отырғызған. Олар адамдардың топтасуына мүмкіндік бермей, әкімдік маңынан қууға тырысқан.
Полиция азаматтарды ұстай бастаған кезде көпшілік "Өткіз!",  "Путинсіз Ресей", "Чекистер билігі жойылсын!" деп ұрандатқан.

3/15 Полиция азаматтарды ұстай бастаған кезде көпшілік "Өткіз!",  "Путинсіз Ресей", "Чекистер билігі жойылсын!" деп ұрандатқан.

Күштік құрылымдар жергілікті әкімдік ғимараты маңына адамдарды жібермеді.
4/15 Күштік құрылымдар жергілікті әкімдік ғимараты маңына адамдарды жібермеді.
Бірақ кейбір жерлерде шерушілер полиция шебін бұза алды.

5/15 Бірақ кейбір жерлерде шерушілер полиция шебін бұза алды.

Полиция азаматтарды оқиға орнынан бір жаққа қарай тықсыра бастады.
6/15 Полиция азаматтарды оқиға орнынан бір жаққа қарай тықсыра бастады.
Пушкин алаңы маңында полиция көп адамды ұстады.

7/15 Пушкин алаңы маңында полиция көп адамды ұстады.

Полиция азаматтарды резеңке таяқпен ұрып, ұстады.
8/15 Полиция азаматтарды резеңке таяқпен ұрып, ұстады.
Ұсталғандар арасында әйелдер мен егде адамдар болды.
9/15 Ұсталғандар арасында әйелдер мен егде адамдар болды.
Кейіннен ұстаулар Арбат ауданы маңында жалғасты.

10/15 Кейіннен ұстаулар Арбат ауданы маңында жалғасты.

Полиция акцияға шамамен 3500 адам қатысты дейді.
11/15 Полиция акцияға шамамен 3500 адам қатысты дейді.
Олардың арасында 700 блогер және журналист болған дейді.
12/15 Олардың арасында 700 блогер және журналист болған дейді.
Нақты қанша адам ұсталғаны әзірге белгісіз. Жоғалған азаматтар көп.
13/15 Нақты қанша адам ұсталғаны әзірге белгісіз. Жоғалған азаматтар көп.
Шерушілер жергілікті дума сайлауына тәуелсіз кандидаттарды жіберуді талап етті.

14/15 Шерушілер жергілікті дума сайлауына тәуелсіз кандидаттарды жіберуді талап етті.

Бірақ қалалық сайлау комиссиясы бұл талаптарды орындаудан бас тартып, шеруді "арандату" деп атады.

15/15 Бірақ қалалық сайлау комиссиясы бұл талаптарды орындаудан бас тартып, шеруді "арандату" деп атады.

Previous slide
Next slide

Ресей президентінің сенім рейтингісі 2014 жылы Қырымды аннексиялау мен Украинаның шығысында басталған соғыстан кейін біршама өскен Путинді қолдау көрсеткішімен сәйкес келмейді.

"Левада-центр" зерттеу ұйымының ресейліктердің 68 пайызы Путиннің мәлімдемелерін қолдайтынын көрсеткен соңғы сауалнамасына қарағанда, Путин Ресейдегі ең танымал саяси тұлға болып қалып отыр.

Зерттеу ұйымы жүргізген сауалнама нәтижесі мемлекет қаржыландыратын ВЦИОМ орталығының өткен жылғы "Путиннің сенім рейтингісі ол билікте болған 20 жылда ең төменгі деңгейге түсті" деген қорытындысымен сәйкес келеді.

Бұл деректер Кремльге ұнамаған соң, ВЦИОМ сауалнама мазмұнын өзгерткен. Ал әлеуметтанушылар мен сарапшылар ВЦИОМ-ды саяси қысымның ырқына жығылды деп айыптап, сынаған еді.

"Левада-центр" - үкіметтік емес ұйымдар, ақпарат құралдары мен басқа да ұйымдарды шетелдік қаржыландыруды шектеу мақсатында қабылданған даулы заңға сәйкес, Ресейде шетелдік агент ретінде тіркелуге мәжбүр болған тәуелсіз орталық.

2018 жылы екінші рет алты жыл мерзімге президент болып сайланған Путин Совет одағынан қалған зейнетақы жүйесін өзгертуге кірісті. Бірақ аталған реформа халық наразылығын, оның ішінде қарт адамдардың қарсылығын туғызды. Бұл Путиннің сенім рейтингісінің төмендеуіне әкелді.

Ресейдегі зейнетақы реформасына қарсылық акциясы. Санкт-Петербург, 16 қыркүйек 2018 жыл.16 қыркүйек 2018 жыл.
Ресейдегі зейнетақы реформасына қарсылық акциясы. Санкт-Петербург, 16 қыркүйек 2018 жыл.16 қыркүйек 2018 жыл.

Үкімет қосымша құн салығын көбейтуді ұсынды. Бұл жалақы мөлшері бір орында тұралап, денсаулық сақтау саласы мен экономикаға қатысты алаңдаушылығы артқан елдің Путинге сенімін тағы да азайтты.

"Экономикалық жағдай түсініксіз. Адамдар жағдайдың қиындап бара жатқанын, зейнетақы реформасын, табыстың азаюын сезініп отыр. Оларда оптимизм байқалмайды, болашақта бәрі жақсы болады сенім жоқ" дейді Гудков.

"Басқа қырынан алғанда, рецептуралық дәрілер мәселесі, жемқорлық, экологиялық ахуал, саяси қуғын-сүргінге ұшыраудан қорқу сияқты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері де халық сеніміне әсер етеді. Осының бәрін қосқанда, халықтың Путинге деген сенімі азаяды. Рейтингтің төмендеуін осымен түсіндіруге болады" дейді ол.

Айдар
XS
SM
MD
LG