Accessibility links

Орталық Азия қолөнері фестивалі

Алматыда сәуірдің 4-і мен 5-і күндері «Киіз үй мейрамы» фестивалі өтіп жатыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркіменстаннан 60 қолөнерші қатысып жатыр.

«Киіз үй мейрамында» әртүрлі үлгідегі киіз үйлер, кілемдер, ұлттық киімдер, ұлттық ас түрлері таныстырылды. Қазақтың ұлттық ойындары, «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу» сияқты және қырғыздың «Бұрым өру» ұлттық салт-дәстүрі көрсетілді. Қолөнершілер өздері дайындаған заттардан жәрмеңке ұйымдастырып, жібекке өрнек салу мен жүннен бұйымдар жасау шеберліктерімен бөлісті.

Азаттық тілшісінің фоторепортажы.


XS
SM
MD
LG