Accessibility links

Египетте – төтенше жағдай

Полиция 14 тамызда техника мен жас ағызатын газ қолданып, биліктен тайдырылған президент Мұхаммед Мурсиді жақтаушылардың Каирдегі екі лагерін қуып таратты.

Мурсиді жақтайтын "Мұсылман бауырлар" партиясы өкілдері қақтығыстан 2 мыңнан астам астам адам қаза тапқанын хабарлады. Ресми есеп бойынша, Каирдегі қақтығыстан 95 адам өліп, жүздеген адам жараланған. Мерт болғандар арасында шерушілер, полицейлер бар.

Египет президенті міндетін атқарушы Адли Мансур елде бір ай мерзімге төтенше жағдай жариялады. Билік "тәртіп орнату үшін полицияға әскер көмектессін" деген бұйрық берді. "Мұсылман бауырлар" қозғалысының өкілі Гехад аль-Хаддад бұл шараны "полицияның операциясы емес, Мурсиді биліктен тайдырған төңкеріске қарсы адамдардың үнін өшіру шарасы" деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG