Армения астанасы Ереванда жүздеген адам көшеге шығып, бұрынғы президент Серж Саргсянды премьер-министрлікке ұсынуға қарсы шықты. Наразылар көше бойына есігі ашық көліктер қалдырып, қоғамдық көліктердің жолына жатып алған.
Экс-президентке қарсы наразылық
1
"Менің қадамым" (Мой шаг) қозғалысының лидері, оппозициялық саясаткер Никол Пашинян бастаған белсенділер Еревандағы қарсылық шарасында. 14 сәуір 2018 жыл.
2
Наразылардың бірі Серж Саргсянның суретін жыртып тұр. Саргсян 2014 жылы билікке қайта келмейтінін айтқан.
3
Никол Пашинян митингте сөз сөйлеп тұр. 15 сәуір 2018 жыл.
4
Митингтен тікелей эфир.
5
Еревандағы Баграмян даңғылы бойындағы наразылар. Ереван, 16 сәуір 2018 жыл.
6
Наразылар қоғамдық көліктердің жолын жапқан сәт.
7
Саргсян елді он жыл басқарды және Конституция бойынша қайта президент бола алмайды. Бірақ заңға премьер-министр болуға мүмкіндігі бар.
8
Серж Саргсянның кандидатурасына дауыс беру 17 сәуірде өтеді.