Путин «бункерге жиі түседі», Украина Мәскеуге шабуылды күшейтті. Соғыс жаңалықтары
Мәскеу Ресей президенті Владимир Путиннің жеке басына алаңдап, қауіпсіздік шарасын күшейтті. Бұл туралы жасырын дереккөздеріне сүйеніп Financial Times жазды. Басылымның хабарлауынша, қастандықтан қорыққан Кремль жетекшісі кейінгі айларда бункерлерде отырып жұмыс істеуді әдетке айналдырған. Ресей астанасындағы интернеттің өшірілуі де осы жағдайға байланысты болуы ықтимал.