Accessibility links

Қаржы министрі Скотт Бессент АҚШ Иранға экономикалық соғыс жариялайтынын мәлімдеді

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент. Вашингтон, 24 тамыз, 2026 жыл.
АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент. Вашингтон, 24 тамыз, 2026 жыл.

АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық соғысы бүкіл әлемде жүргізілетін болады. 24 тамызда Ақ үйдегі баспасөз жиынында АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент осылай деп мәлімдеді. Ол Иранның екі-ақ жолы барын айтты: толық экономикалық оқшаулану немесе Вашингтонның талаптарын орындау және жаһандық экономикаға оралу.

Бессент енді АҚШ Иран режимімен экономикалық байланысы бар кез келген компания мен жеке тұлғаға жанама санкция салатын болады деп ескертті.

"Ешбір банкке немесе қаржы мекемесіне Иранның немесе оның одақтастарының пайдасына мәміле жасауға рұқсат етілмейді", – деді АҚШ қаржы министрі. Бұл ең алдымен Иран экономикасының маңызды салаларына: технология, алтын, авиация, жүк тасымалы және цифрлық технологияларға қатысты шектеу болмақ.

АҚШ қазірдің өзінде Иранмен ынтымақтасып отырған 60-тан астам жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ кемелерді өз санкция тізіміне қосып жатыр деді ол.

"Біз IRGC режимін қаржыландырудың барлық әлеуетті көздерін тоқтатамыз, – деді Бессент. – Енді "сұр аймақ" деген болмайды".

Ол әлемдегі әр елге Тегеранмен барлық экономикалық қарым-қатынасын доғаруға белгілі бір уақыт берілгенін және АҚШ Мемлекеттік департаменті, Қаржы министрлігі мен армиясы басқа елдермен келіссөздер өткізіп, Иранмен кез келген серіктестікті қашан тоқтату керегін түсіндіріп жатқанын айтты. Егер көнбейтін болса олар да Иранмен бірдей экономикалық оқшаулауға ұшырамақ. "Уақыт өтіп жатыр" деді Бессент.

Тегеран бұған дейін АҚШ-тың әрекеттерін "экономикалық терроризм" деп атаған. Иран әскери басшылары егер елге қысым күшейсе, әскери ғана емес, сонымен қатар мұнай өнеркәсібін қоса алғанда, АҚШ-ты қолдайтын Парсы шығанағы елдеріндегі энергетика нысандары да нысанаға алынуы мүмкін екенін мәлімдеген. Иранның ең ірі сауда серіктестерінің бірі Қытай АҚШ-тың санкциялар енгізуіне қарсы шықты. Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Иран серіктестеріне қарсы санкциялар тек отқа май құяды деп мәлімдеген еді.

Айдар
XS
SM
MD
LG