Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында аралас жекпе-жектен (ММА) қазақстандық екі спортшы чемпион атанды.
71 келі салмақ дәрежесі бойынша өткен финалда Қадырбек Шынбаев тәжікстандық Бехруз Хуршедзоданы, ал 77 келіде қазақстандық Еркінғали Бүркітәлин Бахрейн спортшысы Мухаммад Набиевті жеңіп, алтын медаль иеленді.
Бұған дейін велоспорттан Алексей Луценко мен Рината Сұлтанова, каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанған.
Каратэнің кумите түрінен Әсел Қанай 61 келіде күміс медаль иеленді.
Аралас жекпе-жектен (ММА) 65 келіде Санжар Әділов қола медаль еншіледі.
Қазір Қазақстан құрамасында 6 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлде бар. Қытай командасы – 26 алтын, Жапония – 8 алтын және Оңтүстік Корея спортшылары 5 алтын медаль алды.
Орталық Азия елдерінен Өзбекстанда – 1 алтын, 2 күміс, 1 қола, Тәжікстан құрамасында – 1 алтын, 1 қола медаль, ал Қырғызстанда 3 қола медаль бар.