Accessibility links

Қазақстандық Мерей Базарбаев еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жастар арасында (U23) аяқталған әлем чемпионатында қазақстандық 23 жастағы Мерей Базарбаев еркін күрестен алтын медаль жеңіп алды.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақ жігіті түркиялық балуан Бекир Кесерді таза жеңіспен мерзімінен бұрын жеңді.

1/8 финалда Мерей Базарбаев алғашқы раундта-ақ басты фаворит – жастар арасындағы әлем жеңімпазы және жасөспірімдер арасындағы әлемнің үш дүркін чемпионы америкалық Люк Лилледальден 3:1 есебімен күш асырды.

Базарбаев ширек финалда Франция өкілі Расул Галбураевты 13:2 есебімен ойсырата жеңсе, жартылай жапон Дайто Кацумэден 7:0 есебімен басым түсіп, таза жеңіске жетті.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG