Accessibility links

Құқық қорғау тобы екі белсендінің ұсталғанын хабарлады

Полиция көлігі. Көрнекі сурет.
Полиция көлігі. Көрнекі сурет.

Павлодар облысы Екібастұзда азаматтық белсенді Жанат Жамалиев ұсталды деп хабарлады “Белсенділер экстремист емес” тобы.

Facebook-та Гүлжан Мұратбаева есімді қолданушы 14 наурызда полиция учаскесінде белсендінің қан қысымы 230-ға дейін көтеріліп, жедел жәрдем қызметі шақырылғанын жазды. Оның сөзінше, сот оны 20 тәулікке қамаған.

“Жедел жәрдем шақырды! Қан қысымын 180-ге түсірді. Менің ойымша, Жанатқа медициналық көмек керек, оны ауруханаға дереу жатқызу керек деп ойлаймын. Бірақ судья Жанатты 20 тәулікке соттап, қандай жаза және не үшін бергені белгісіз, арнайы қабылдау орнына жіберді” деп жазды ол.

Оның алдында қолданушы көп баланың әкесі, белсенді Жамалиевтің “митингіге шақырған” жазбаға репост жасағаны үшін ұсталғанын жазған.

Сот порталында іс ашылғаны, судья тағайындалғаны жөнінде дерек бар, бірақ сот қаулысы әлі жарияланбаған. Істі судья Динара Нұрсұлтанова жүргізген. Екібастұз сотынан әзірге жауап ала алмадық.

“Белсенділер экстремист емес” тобының мәліметінше, Ақмола облысы Степногорскіде белсенді Мереке Нұғыманов та қамалған. Оған "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Бірақ нақты оқиға түрткі болғаны айтылмайды.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, ол 10 наурызда ұсталған. Сот порталындағы дерекке қарағанда, оның ісі судьяға беріліп, 14 наурызда сот басталған. Істі судья Мұқағали Ақышев жүргізіп жатыр.

"Ар.Рух.Хақ" қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-та Қазақстанда референдум қарсаңында қудаланғандардың тізімін жасап жатыр. Ондағы тізімде ондаған адамның аты-жөні бар.

XS
SM
MD
LG