Accessibility links

Ресей мен Украина тұтқын алмасты

Обмен телами военных
Обмен телами военных

Ресей мен Украина мәйіт алмасты. Бұл жөнінде Ресей мен Беларусьтің мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады. Олардың мәліметінше, алмасу Беларусь аумағындағы «Новая Гута» өткізу бекетінде болған.

Ақпаратқа қарағанда, Ресей Украинаға қаза болған 252 адамның денесін тапсырып, 25 адамның денесін алған.

Ақпаратты Украинаның әскери тұтқындар мәселелері жөніндегі үйлестіру штабы да растады. Штабтың хабарлауынша, "Украина жағына 252 мәйіт қайтарылған".

Мәйіт алмасу былтыр Стамбұлдағы келіссөзде тараптар уағдаластыққа қол жеткізгеннен кейін тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұған дейінгі мәйіт алмасу 17 қыркүйекте болған. Сол кезде Украинаның әскери тұтқындар мәселелері жөніндегі үйлестіру штабы қаза болған 252 адамның денесін қабылдағанын хабарлады. Ал Ресейге 23 адамның денесі қайтарылған. Сол күні екі ел азаматтарымен алмасты.


Айдар
​
XS
SM
MD
LG