Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Шикотан аралы
Ресей Жапония елшісін шақырып, "екі ел басшыларының кездесуі қарсаңында Токио жағдайды ушықтыруға тырысып отыр" деп айыптады. Ал Жапония жағы Ресеймен Курил аралдарына қатысты бейбіт келісімді талқылауды жалғастыра беретінін айтты.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Моргулов 9 қаңтарда Жапония елшісі Тоёхис Кодзукиді "шақырып", Курил аралдарына қатысты жапон билігінің жақында жасаған мәлімдемелері туралы пікірін айтқан.
Ресейдің сыртқы істер министрлігі жапон билігінің жақында жасаған мәлімдемесін сынап, мұны Токио "бейбіт келісім бойынша жағдайды жасанды түрде ушықтыруға талпынып отыр және қарсы тарапқа өзі қалаған сценарийді таңғысы келеді" деп бағалауға тура келеді деген.
Министрліктің айтуынша, жақында Токио "аралдардың Жапонияға өту" мәселесіне орай Оңтүстік Курил аралдары тұрғындары арасында "түсіністікке қол жеткізу" қажеттігін айтқан. Сонымен бірге "соғыстан кейін аралдарды басып алғаны үшін" "Ресейден өтемақы талап етуден бас тарту" жоспарын да жеткізген.
“Мұндай мәлімдемелер 1956 жылғы ортақ декларация негізі бойынша келіссөз процесін жеделдетуге қатысты Ресей мен Жапония басшылары арасындағы келісімнің мәнін жоғалтады, екі ел қоғамында келіссөз мазмұнына қатысты түсініксіздік туындайды” делінген министрлік хабарламасында.
Курил аралдары картасы
Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Ресейдің Курил аралдарына қатысты позициясы өзгеріссіз қалғанын, яғни Жапония "Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижелерін мойындауы тиіс" деген.
Курил аралдары (Итуруп, Шикотан, Кунашир және Хабомаи) Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Ресей мен Жапония арасында даулы аймаққа айналған. Совет әскері Жапонияға тиесілі аралдарды 1945 жылы аннексиялап алған. Ресей аралдарды өз иелігі деп есептейді, ал Жапония бұл аумақты өзінің бір бөлігі санап, оны қайтаруды үнемі талап етіп келеді.
1956 жылы Жапония мен Совет одағы аумақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы декларацияға қол қойған, бірақ бейбіт келісім жасалмаған.
Қарай отырыңыз: Даулы Курил аралдары
Курил аралдары және аяқталмаған соғыс
1/14Ресей иеленіп отырған Кунашир аралы Жапонияның негізгі территориясынан 20 шақырым қашықта орналасқан. Жапония аралды солтүстіктегі өз территориясы санайды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/14Төрт аралға байланысты даудың кесірінен Ресей мен Жапония Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанын ресми бекітетін бейбіт келісімге әлі күнге дейін қол қоймаған. Жергілікті тұрғындардың бірі айтқандай, "соғыс жоқ, бейбітшілік те орнамаған".
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/14Курил аралдары (ортада) Жапония мен Ресей арасында орналасқан. Екі елдің тарихында шекара бірнеше рет өзгерген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шекара оңтүстікке қарай жылжып, Жапонияның негізгі территориясының іргесіне тірелді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/14Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталар кезде АҚШ пен Ұлыбритания Мәскеуге егер СССР Жапонияға қарсы соғыс ашса, қарымына Курил аралдарын беруге уәде еткен. Мына суретте әлгі аралдардың бірін жаулап жатқан совет әскері бейнеленген.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/141945 жылы Курил аралдарын басып алған кезде қаза тапқан совет жауынгерінің сүйегі. Токио Жапонияның негізгі территориясына тақау жатқан және Курил тізбегіне енбейтін төрт аралды СССР заңсыз басып алған деп санайды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/14Кунашир аралындағы жапон зираты. 1945 жылы совет әскері басып алған соң аралда екі жыл бойы жапондар мен СССР азаматтары аралас тұрған. 1947 жылы СССР басшысы Иосиф Сталин жапондарды Кунаширден Жапония территориясына күштеп көшіруді бұйырған.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/14Кунашир аралында ымырт жабылған шақ. Жергілікті тұрғындардың негізгі кәсібі – балық аулау, бірақ инфрақұрылым қирағандықтан мұндағыларға болашақ бұлыңғыр болып көрінеді. Совет кезінде Кунаширден күштеп көшірілген, ал 2005 жылы оның жағдайын көруге келген жапон азаматы аралды "құрыған жер" деп атаған.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
9/14Кунашир аралындағы Ленин ескерткіші жаныннан өтіп бара жатқан совет әскери қызметкері, 1989 жыл. СССР тарағаннан кейін көп ұзамай Курил аралдары кімге тиесілі деген сауалмен референдум өткізу туралы бастама көтерілген. Бірақ кейін одан бас тартқан.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
10/14Кунашир аралындағы итбалықтар. Даулы аралдар төңірегіндегі суда балық пен теңіз жануарларының алуан түрі тіршілік етеді. Балық шаруашылығы жылына төрт миллиард долларға дейін пайда әкеледі деп бағаланады. Жапония үкіметі егер Ресей даулы төрт аралды қайтарып берсе табиғи ресурсты ұқыпты пайдаланып, туризмді дамытуға уәде еткен.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
11/141990 жылдардың басында түсірілген суретте оңтүстік Курил аралдарын Ресей қарамағында қалдыруды қолдап шеруде тұрған ресейлік балықшылар бейнеленген. 2016 жылы өткізілген сауалнама қорытындысы бойынша, ресейліктердің 78 пайызы аралдарды Жапонияға қайтаруға қарсы болған. 2019 жылы 20 қаңтарда Ресейдің көптеген қалаларында даулы аралдарды Жапонияға беруге қарсы акциялар өтті.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
12/14Оңтүстік Курил аралдарының біріндегі жапон әскери техникасының қаңқасы. СССР 20 миллион азаматынан айырылған сұрапыл соғыста нацистік Германияның одақтасы болған елге аралдарды қайтару туралы идеяны ресейліктердің көпшілігі қабылдамайды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
13/14Курил аралдары маңындағы атом сүңгуір кемесі, 1998 жыл. Ресейдің даулы аралдарға байланысты ұстанымына Мәскеудің әскери стратегиясы да себеп болып отыр. Ресей сүңгуір кемелері осы аралдардың арасындағы терең сумен Тынық мұхитқа шыға алады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
14/14Кунашир аралындағы туыстарының зиратына келген жапондар. "Екі қосу альфа" варианты бойынша, Жапонияға екі үлкен арал маңында балық аулауға немесе жапон азаматтарына даулы аралдарға емін-еркін барып, онда бизнеспен айналысуға құқық беру көзделген. Егер Ресей мен Жапония екі жаққа да қолайлы мәміле жасайтын болса, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанын ресми бекітетін бейбіт келісімге қол қойылар еді.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Previous slide
Next slide
Кодзукидің кездесуіне байланысты жауап берген Жапония сыртқы істер министрлігі Ресеймен бейбіт келісімді талқылауды "тыныш жағдайда" жалғастыра беретінін айтқан.
"Жапония үкіметі территориялық дауды шешу үшін және бейбіт келісімге қол қою үшін өз позициясы бойынша келіссөз процесін жалғастыра береді" деді министрлік өкілі.
Тынық мұхитындағы архипелагта Ресей әскері шоғырланған және оның зымырандар жүйесі де бар.
Курил аралдары бойынша Ресей президенті Владимир Путин мен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің кездесуі 21 қаңтарға жоспарланған.
14 қарашада екі ел басшыларының кездесуінен кейін екі тараптың 1956 жылғы совет-жапон меморандумына оралу туралы келіскені белгілі болды. Оған сәйкес, Мәскеу Жапонияға Курилдегі төрт аралдың екеуін беруге келіскен. Бұлар - Хабомаи және Шикотан аралдары.
17 желтоқсанда ресейлік "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров егер Жапония Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижелерін мойындаса, Мәскеудің Жапонияға екі шағын аралды беруі мүмкін екенін айтқан.
Ресей Жапонияның даулы аралдар Ресейге тиесілі екенін мойындап, Курилдегі қалған екі үлкен арал - Итуруп пен Кунаширді дауламағанын қалайды. Оның "Дүниежүзілік соғыс нәтижесін мойындау" дегені осы.