Accessibility links

"Қаһарлы аналар шеруі"


"Қаһарлы аналар шеруі"
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:05:41 0:00

Ресейде 10 ақпанда "Открытая Россия" қоғамдық қозғалысының белсендісі Анастасия Шевченконы қолдау акциясы өтті. Санкт-Петербургтегі шарада 150 шамалы адам жиналды. Шеруге шыққандарды бақылауға келген қауіпсіздік күштері саны одан әлдеқайда көп болған. Шеруде полиция жеті адамды ұстаған. Шара соңынан оған қатысушылар Анастасия Шевченконың қайтыс болған 17 жастағы қызы Алинаны еске алу құрметіне әуеге қара шар ұшырды. Ауруханада қайтыс болған Алинаға үйқамақтағы анасы уақтылы дәрі-дәрмегін жеткізіп үлгермеген. Үш баланың анасы Анастасия Шевченко "ұнамсыз ұйымдармен байланыста болғаны үшін" айыпталған. Ол - Ресейде осындай айып тағылған бірінші адам. Қаңтар айында екі айға үйқамаққа алынған Анастасияның тұңғышы - Алина бірінші топтағы мүгедек болатын. "Қаһарлы аналар" шеруіне қатысқандар қамаудағы әйелдер мен саяси тұтқындарды босатуды талап еткен.

Ресейде "Открытая Россия" қоғамдық қозғалысының белсендісі Анастасия Шевченконы қолдау акциясы өтті. Санкт-Петербургтегі шарада 150 шамалы адам жиналды. Шеруге шыққандарды бақылауға келген қауіпсіздік күштері саны одан әлдеқайда көп болған. Шеруде полиция жеті адамды ұстаған. Шара соңынан оған қатысушылар Анастасия Шевченконың қайтыс болған 17 жастағы қызы Алинаны еске алу құрметіне әуеге қара шар ұшырды. Ауруханада қайтыс болған Алинаға үйқамақтағы анасы уақтылы дәрі-дәрмегін жеткізіп үлгермеген. Үш баланың анасы Анастасия Шевченко "ұнамсыз ұйымдармен байланыста болғаны үшін" айыпталған. Ол - Ресейде осындай айып тағылған бірінші адам. Қаңтар айында екі айға үйқамаққа алынған Анастасияның тұңғышы - Алина бірінші топтағы мүгедек болатын.
"Қаһарлы аналар" шеруіне қатысқандар қамаудағы әйелдер мен саяси тұтқындарды босатуды талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG