Accessibility links

Көп балалы аналармен кездесуге әкім келмеді


Көп балалы аналармен кездесуге әкім келмеді
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:57 0:00

Ақпанның 16-сы күні Шымкентте шамамен 300-ге жуық ана қала әкімімен кездесу үшін жергілікті әкімдік ғимаратына жиналды. Бірақ кездесуге қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов келмеген. Оларды қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова және өзге де шенеуніктер қарсы алды. Бірақ жиналған топ бұған наразылық танытып, әкімнің келуін талап етті. Көп балалы аналардың наразылығынан соң түстен кейін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аналарды жеке қабылдай бастаған. Бірақ бұл уақытта аналардың көбі шағымдарын жазбаша қалдырып, үйлеріне тарап кеткен еді.

XS
SM
MD
LG