Мәскеудің Отрадное ауданындағы 263-мектепте жоғарғы сынып оқушысы мұғалім мен оншақты оқушыны екі сағат бойы кабинетке кепілде ұстап, бірнеше адамды атып өлтірді.
Ресей тергеу комитеті өкілі Владимир Маркиннің айтуынша, 10-сынып оқушысы түстен кейін мектепке қару ұстап кірген. Ол өзін тоқтатпақ болған күзетшіге қару кезеген. Бірақ күзетші полицияға хабар беретін түймені басып үлгерген.
Қарулы оқушы күзетшіні 10-сынып оқушылары сабақ оқып жатқан кабинеттердің біріне айдап апарған.
Күдікті бір мұғалімді, бір полицейді атып өлтіріп, бір полицейді жаралады. Қару (тапанша мен карабин) оқушының әкесінің атына тіркелген.
Ресей ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, полиция күдіктінің әкесін әкеліп, ол ұлымен 15 минут бойы телефонмен сөйлескен. Кейін беренді кеудеше киген әкесі мектеп кабинетіне кіріп, ұлымен тағы жарты сағат сөйлескен - оқушы кепілге алған балаларды содан кейін ғана босатқан. Осы кезде арнайы жасақ ішке кіріп, күдіктіні ұстаған.
Күдікті психиатриялық сараптамадан өтуі тиіс. Оны сабағы жақсы, "медаль алудан үміткер" оқушы деп сипаттайды. Бұл оқиғаға байланысты үш айып ("кепілге адам алу", "адам өлтіру", "полицияның өміріне қауіп төндіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ресми өкілдердің сөзінше, кепілден босатылған балалар аман, олар тек психологиялық тұрғыда жәбір көрген. Қазір балалар мен мұғалімдер мектепте тергеушілерге түсініктеме беріп жатыр.