Accessibility links

Сочиде тексеру мен күзет күшті


Қала көшелерінде жүрген қауіпсіздік қызметкерлері мен казактар. Сочи, 7 ақпан 2014 жыл.
Қала көшелерінде жүрген қауіпсіздік қызметкерлері мен казактар. Сочи, 7 ақпан 2014 жыл.

Сочиге аттанған Азаттық тілшісі олимпиада басталар алдында қаланы аралап шықты. Оның жазуынша, қалада күзет шаралары ерекше қатаң, азық-түлік пен сувенирлер қымбат.

Сочиде қысқы олимпиаданың ашылу салтанатына қызу дайындық жасалғаны қаланың әр тұсынан көрініп тұрады. Қалада күн жылы, ауа райы +9 С градусты көрсетіп тұр.

Қазақстаннан барған 250-ден астам адамнан тұратын ресми делегация өкілдері (оның 40-ы – журналист) Сочидің портты аймағындағы Norwegian Jade крузерлік лайнеріне тоқтады.
Сочидегі жүрген шапан киген қазақстандық жанкүйер. 7 ақпан 2014 жыл.
Сочидегі жүрген шапан киген қазақстандық жанкүйер. 7 ақпан 2014 жыл.

Лайнерде интернет – ақылы. Бір минуты – 80 сент (шамамен 100 теңге). Ақылы интернеттің жылдамдығы да әлсіз. Сондықтан журналистердің көпшілігі қаладағы арнайы ашылған медиа орталықтың тегін интернетін пайдаланып жатыр. Алайда медиа орталықтағы компьютерлердің тек біреуінде ғана қазақ қарпі бар. Қазақстаннан келген журналистердің біразы медиа орталыққа өз ноутбуктарын алып барып хабар дайындауға көшті. Видеоға түсіруге көп жерде тыйым салынған.

Сочиде тәртіп қатаң. Қонақ үй, медиа орталық, спорт кешендері, тіпті сауда орталықтары мен ірі супермаркеттерде келушілерді қатаң түрде тексеруден өткізіп кіргізеді. Қауіпсіздік қызметі тексеру кезінде ұялы телефонды, қалтаны, сөмкенің ішін қарап шығады. Көшеде, аялдама маңында да полиция, арнайы жасақ толып жүр. Әр аялдама маңында тұрған еріктілерден көмек сұрауға болады.
Сочи қаласында орнатылған олимпиадалық белгілердің бірі. 7 ақпан 2014 жыл.
Сочи қаласында орнатылған олимпиадалық белгілердің бірі. 7 ақпан 2014 жыл.

Қалада азық-түлік пен заттың бағасы қымбат екені байқалады. Жергілікті тұрғындар олимпиада қарсаңында біраз қызмет түрлері мен киім-кешектің бағасы күрт өскенін айтады. Түскі асты қарапайым қаладағы шағын дәмханаларда 10-15 долларға ішуге болады. Сочи олимпиадасына арналған ең арзан шағын магнит сувенирлердің бір данасы 5 доллардан басталады. Сапалы, әдемі безендірілген шағын сувенирлер 20 доллардан асады.

Олимпиадалық костюмді 700 долларға сатып ала аласыз.

Ал арнайы ашылған олимпиадалық дүкендерге кіру қиын, кезекке тұру керек. Онда сауда тек банк карточкаларымен жасалады.

Сочидегі олимпиада ойындарының ашылу салтанаты «Фишт» стадионында Астана уақыты бойынша сағат 22.15-те басталды. Осыған орай қалада көлік қозғалысына да шектеу қойылған.

Қазақстандық делегация түскен лайнер-қонақ үйдің видеосы:

Сочи видеокадр10
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:04 0:00
XS
SM
MD
LG