Accessibility links

"Сочиге барасыз ба?" - "І-м-м..."


Сочи олимпиадасының белгілері бар киім үлгілерін жарнамалайтын суреттердің жанынан өтіп бара жатқан бала ерткен әйел. (Көрнекі сурет)
Сочи олимпиадасының белгілері бар киім үлгілерін жарнамалайтын суреттердің жанынан өтіп бара жатқан бала ерткен әйел. (Көрнекі сурет)

Келесі айда Ресейде басталатын қысқы олимпиадаға барасыз ба деген ресми сайт сауалнамасының нәтижесі бойынша "Басқа" деген жауап алда тұр.

Қаңтардың басында Азаттық Сочи олимпиадасының вебсайтындағы "Бұл жолғы ойындар керемет бола ма, әлде ең кереметі бола ма?" деп сұрайтын сауалнамаға назар аудартқан еді.

Бұл жолғы сауалнамадағы басты сұрақ - "Олимпиада ойындарын көруге келесіз бе?". Жауаптардың ішінде "Жоқ" деген вариантты таппайсыз. "Иә" жауабынан бөлегін таңдағыңыз келсе, тек "Басқа" деп жауап бере аласыз.

Бүгінге дейін 17 906 адам дауыс берген болып шықты.

"Басқа" деген жауап 69 пайыз жинап, жеке-дара алда тұр.

Қалған нәтижелер төмендегідей болып шыққан:

"Олимпиада ойындарын көруге келесіз бе?"

7.07 пайыз -- Иә, Гватемаладағы іріктеу жеңісінен бері күтіп жүргем. Аз ғана уақыт қалғанына әлі сене алмаймын!

12.99 пайыз -- Қатты күтіп жүрмін! Олимпиада деген ғаламат оқиға. Еліміз үшін ғана емес, әлем үшін де!

9.37 пайыз -- Ойындарды көруге барамын, өйткені спортты сүйем, әр олимпиаданы қалт жібермей көрем.

8.94 пайыз -- Ойындарды көруге барамын, өйткені біздің спортшылар тамаша табысқа жетеді деп үміттенем!

69.24 пайыз -- Басқа

Дауыс беруші респонденттерге қосымша пікір жазатын орын қалдырылмапты. Сондықтан "басқа" деп жауап бергендердің ойында не болғаны туралы тек болжап қана қоя аласыз.

Глен Кейтстің жазбасы.
XS
SM
MD
LG