Accessibility links

Дағыстанда діни жағдай шиеленісіп барады


Дағыстан сопыларының жетекшісі Саид Арцаев.
Дағыстан сопыларының жетекшісі Саид Арцаев.
Өткен аптада Дағыстанда салафи имамды өлтіріп кетті. Сарапшылар «Солтүстік Кавказдың өзге республикаларымен салыстырғанда, Дағыстандағы діни жағдай шиеленісіп барады» деген пікір айтады.

Полиция бекетін жару, тапа-тал түсте имамдарды немесе мұсылман діні қызметкерін атып кету, содырлар мен қауіпсіздік қызметкерлері арасындағы атыс – мұның бәрі тынышы кеткен Солтүстік Кавказ аймағының Дағыстан республикасында әдеттегі жайтқа айналып кеткен.

СОЛТҮСТІК КАВКАЗДАҒЫ ИСЛАМ

Салафи имам, 49 жастағы Калимулла Ибрагимов пен оның екі туысын қазанның 30-ы күні белгісіз қарулы адамдар Дағыстанның Дербент қаласында таңғы намазға барар жолда өлтіріп кетті. Биыл осымен Солтүстік Кавказда бесінші имамға қастандық жасалды.

Сарапшылар «Дағыстанның Солтүстік Кавказдағы ең тұрақсыз аймаққа айналғанына дау жоқ» дейді. Бірақ неге дәл осы Дағыстан тұрақсыздық ошағына айналып отыр? Оны басқа республикалардан ерекшелеп тұрған қандай факторлар бар? Бұған сарапшылар бірнеше уәж келтіреді.

Біріншіден, Ингушетия, Қабарда-Балқар және Шешенстан сияқты Дағыстан да - Кавказда ислам халифатын орнатуды көздейтін Доку Умаровтың исламшыл бүлікшілері шоғырланған аймақ.

Бұған қоса аймақтағы жұмыссыздық, тұрмыстың нашарлығы, адам құқықтарының бұзылуы, жергілікті билік пен федералды үкіметтің қысымы жастарды бүлікшілер қатарына қосылуға итермелеп отыр.
Мәскеу Карнеги орталығының Кавказ бойынша сарапшысы Алексей Малашенко. 8 желтоқсан 2010 жыл.
Мәскеу Карнеги орталығының Кавказ бойынша сарапшысы Алексей Малашенко. 8 желтоқсан 2010 жыл.

Бірақ Дағыстанның жағдайында бір айырмашылық бар. Ол – исламның зор ықпалы. «Дағыстанда салафизм сияқты радикалды ислам идеологиясы Солтүстік Кавказдың өзге республикаларымен салыстырғанда әлдеқайда терең тамыр жайған» дейді сарапшылар.

Мәскеудегі Карнеги орталығының Кавказ бойынша сарапшысы Алексей Малашенконың пікірінше, Дағыстанның өзге республикалардан басты ерекшелігі де - осы.

- Мұндағы басты ерекшелік - оппозицияның ішінде бейресми ислам өкілдері де, ресми ислам өкілдері де бар. Дағыстандағы исламның тарауында да ерекшеліктер бар. Дағыстан - осы аймақтағы ислам ықпалы ең мықты ел, - дейді ол.

Дағыстанда дәстүрлі исламды ұстанушылар мен дәстүрлі емес ислам өкілдерінің, исламшыл оппозиция мен жергілікті биліктің, шариғатты ұстанушылар мен Ресейдің мәдени-әлеуметтік ортасынан ажырағысы келмейтіндердің арасына жік түскен.

«ДІНИ ТОПТАР АРАСЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС»

Салафи имам Калимулла Ибрагимовтың кісі қолынан қаза табуы сопылар мен салафилер арасындағы шиеленісті көрсетеді. Сарапшылар мұны «ықпалды сопылық топтардың салафилерден кек қайтаруы» деп түсіндіреді.

Ибрагимов салафилердің Дербенттегі тіркелмеген мешітінде имам болған және жергілікті жұрт арасында ықпалы бар еді.

Jamestown («Джеймстаун») қорының Солтүстік Кавказ мәселелері бойынша сарапшысы және Париждегі «Кавказ зерттеу орталығының» басшысы Майрбек Вачагаевтың айтуынша, «Ибрагимовке жасалған қастандықта кек алу белгілері бар. Ибрагимовты сопы шейхы Сиражуддин Исрафиловтың қастандықпен қаза тапқанына бір жыл толған тұста өлтіріп кетті».

- Меніңше, сопылар шейхтарын өлтірді дегендерден бір жылдан кейін кек алуды жөн деп тапқан сияқты, - дейді ол.
Сарапшының ойынша, мұндай шабуылдар ымырашыл (қалыпты) салафилерді радикалдандырып, олардың сопылармен мәмілеге келу процесін тұйыққа тірейді.
Сарапшының ойынша, мұндай шабуылдар ымырашыл (қалыпты) салафилерді радикалдандырып, олардың сопылармен мәмілеге келу процесін тұйыққа тірейді.

Ал Kavkazcenter веб-сайтында «Ибрагимов - дін жолында құрбан болуға даяр адам» деп сипатталған.

Сарапшылардың ойынша, «имамдар көбінесе көпшілік алдында қорғансыз жүретіндіктен шабуылға ұшырайды». Өйткені Дағыстан, Ингушетия мен Қабарда-Балқардағы имамдарға Шешенстандағыдай ресми қарулы күзет тағайындалмайды.

Мәскеудегі Карнеги орталығының Кавказ бойынша сарапшысы Малашенко «өткен алты жылда Солтүстік Кавказ аймағында 37 имам мен мүфти қастандықпен қаза тапқанын» айтады.

«КРЕМЛЬДІҢ САЯСАТЫ ТҰЙЫҚҚА ТІРЕЛДІ»

Қазанның 16-сы күні Ресей президенті Владимир Путин қауіпсіздік қызметі мен құқық қорғау органдарын 2014 жылы өтетін Сочи олимпиадасы қарсаңында «бүлікшілердің көзін жоюға» шақырды. Путин бұған қоса Ресей әскерилерінің Дағыстандағы терроризмге қарсы операцияларға қатысып жатқанын растады.

Малашенко «Терроризммен күресте әскер қолдану мәселені шешпейді, ол керісінше Кремльдің Дағыстанға қатысты саясатының сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді» дейді.
Дағыстандағы Ресей сарбазы. 1 қазан 2012 жыл.
Дағыстандағы Ресей сарбазы. 1 қазан 2012 жыл.

- Путиннің терроризммен күресте бір-ақ амалы қалды. Ол - республикаға әскерді үйіп-төгіп жібере беру. Бірақ бұл тәсіл ештеңені шешпейді. Кремль бұл әдісті бұрыннан қолданып келеді. Ал біз Дағыстанда іс жүзінде азаматтық соғыс болып жатқанын көріп отырмыз,- дейді ол.

Путин қазанның 16-сы күні қауіпсіздік органдары басшыларымен кездесіп, арнайы операциялар барысында «313 терроршының көзі жойылғанын», оның 43-і Солтүстік Кавказ аймағындағы «бүлікшілердің жетекшілері» екенін айтты.

- Егер Қабарда-Балқар республикасындағы жағдайға үңілсек, онда тоқырау болып жатқанын көреміз. Мұнда билік бүлікшілерге қарсы әрекеттер жасап, оларға соққы беріп жатыр. Жағдай толық бақылауда болмаса да, билік бүлікшілер белсенділігін бәсеңдетті. Бірақ Дағыстанда соңғы төрт жылда бүлікшілер белсенділігінің тек артқанын байқаймыз, - деді сарапшы Майрбек Вачагаев.
XS
SM
MD
LG