Accessibility links

Ұсталған Саакашвилиді жақтастары босатып алды

Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) арнайы тобының шағын автобусынан босатып алды. Мұның алдында күш құрылымы қызметкерлері Саакашвилидің Киевтегі пәтеріне тінту жүргізіп, оларға бағынудан бас тартып үйдің шатырына шығып алған оппозициялық саясаткерді ұстап, тергеу органдарына жеткізу үшін шағын автобусқа күштеп салған болатын.

Киевте желтоқсанның 5-і күні қауіпсіздік органы қызметкерлері мен Саакашвили жақтастарының арасындағы тірес бірнеше сағатқа созылды. Жақтастары Саакашвили отырған қауіпсіздік қызметінің көлігінің жолын бөгеп, қоршап тұрып алды. Полиция көзден жас ағызатын газ шашқанымен жиналғандар тарқамады. Олар шағын автобустың дөңгелегін тесіп, терезесін сындырып, ақыры Саакашвилиді көліктен шығарып алды.

XS
SM
MD
LG