Accessibility links

Киіктер неден қырылды?

Орталық Азияда киік саны күрт кеміп барады. Қызыл кітапқа енгізілген бұл жануар Қазақстанда ерте кезден киелі саналған. Киіктердің қырылуының себебі белгісіз қалып отыр. Қазақстан төтенше жағдайлар комитеті бір ғана Қостанай облысында 19 мыңнан аса киіктің қырылғаны туралы хабарлады. Бейресми деректер бойынша, өлген киік саны 30 мыңнан асуы ықтимал.

Киіктерді қорғау және зерттеумен айналысатын экологтар желісі – Киіктерді қорғау альянсының ақпараты бойынша, Орталық Азияда барлығы 260 мыңға жуық киік бар, олардың 200 мыңға жуығы Қазақстанның батыс және орталық аймағын мекендейді.

XS
SM
MD
LG