6 тамызда, бір күннің ішінде, Ресей президенті Владимир Путиннің эмбарго жарияланған азық-түліктерді жою туралы жарлығы күшіне енген бетте, 319 тонна жеміс-жидек, көкөніс, ірімшік пен ет жойылды. "Россельхознадзор" мекемесінің хабарлауынша, эмбаргоға қарамастан Ресей шекарасынан өткен азық-түлік осылай жойылып отырады. 319 тонна азық-түліктің 20 тоннасы Орынбор маңында жойылған. "Россельхознадзор" баспасөз хатшысы Юлия Мелано журналистерге ол тағамдар ішінде Латвияда шыққан "Российский" маркалы ірімшіктер болғанын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, бұл ірімшік Ресей аумағына Қазақстан арқылы кірген. Тауардың қалай жойылғанын Азаттықтың Орыс қызметі тілшісі суретке түсіріп алды.
Ресейдегі азық-түлік жою
Ресейде бір күнде 319 тонна азық-түлік жойылды.

1
Тағамды трактормен мыжыды.

2
"Санкцияға ілінген" ірімшікті түсіріп жатыр.

3
Латвия өндірген "Российский" ірімшігі.

4
Ірімшікті қойманың ағаш тақтайларымен бірге әкелді.

5
Ірімшіктің тапталмай қалған бөліктері.

6
Трактор ірімшік қораптарын басып өтті.

7
Таптап болған соң, ірімшіктерді шұңқырға тастады.

8
Топырақ астында жатқан тағам.