Қырымдағы Қара теңіз жағалауындағы Сасық-Сиваш көлшігінде ғасырлар бойы қызғылт тұз өндіріліп келеді. Қызғылт түс тұзды судағы микробалдырлардан пайда болған. Микробалдырдан күннен қорғану үшін бөлінетін бета-каротин пигменті осындай қызғылт реңк береді. Жылда күзде Сасық-Сивашта мыңдаған тонна қызғылт тұз өндіріледі.Өйткені күзде көлшік бетіндегі су буланып ұшып кетеді. Тұздың бұл түрі Ресейге, Еуроодақ елдеріне және Жапонияға экспортқа шығарылады. Жапонияда қызғылт тұз радиацияның бетін қайтаруда тиімді деп есептеледі. Мұндай тұз денсаулыққа пайдалы деп танылады, оны косметика үшін пайдаланатындар да бар.Алексей Павлишактың фотосы, ИТАР-ТАСС.