Accessibility links

Чкалов ауылының тасқыннан кейінгі жағдайы

Ресми мәлімет бойынша 49 үйді су алған Қарағанды облысындағы Чкалов ауылының тұрғындары тасқын басылған соң мекендеріне қайта оралып, апат салдарын жоюға кіріскен. Адамдар үйлерін кептіріп, іске алғысыз болып қалған жихаздары мен құрылыс материалдарынан арылып, қоқысты шығарып жатыр. Азаттық тілшісі әңгімелескен кей тұрғындар кезекті су тасқынынан кейін үй-жайларының кетеуі кеткенін айтып шағынды: баспаналарының іргетасы шөгіп, қабырғалары жарылған, едендерінің тақтайлары қайқиып кеткен. Чкалов ауылы тұрғындарының көбі әлі осыдан екі жыл бұрын, 2015 жылы көктемде биіктігі екі метрге жуық толқындары ауылға тұтқиылдан тап берген тасқыннан толық ес жиып үлгермеген. Көпшілігі бұл ауылдан кеткісі келетіндерін, алайда басқа баспана сатып алуға қаржының жоқтығы қолбайлау болып отырғанын айтады.

Суреттер Чкалов ауылында 2017 жылғы 28 сәуірде түсірілген.

XS
SM
MD
LG