Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандарға арналған мемориал тақтасы. 24 желтоқсан 2025 жыл. Әзербайжанның Ресейдегі елшілігінің телеграм-парақшасынан алынған.
Ақтаудағы ұшақ апатының бір жылдығына орай Шешенстан астанасы Грозныйда қаза болғандарға арналған мемориал ашылды. Мемориал Әзербайжанның бірінші президенті Гейдар Әлиев атындағы саябақта орналасқан. Бұл жөнінде ресейлік ТАСС агенттігі жазды.
"Бұл әуе апаты біз үшін қайғылы жаңалық болды. Бүгін біз Баку-Грозный рейсі жолаушыларының құрметіне ескерткіш тақта ашып отырмыз. 29 адамның өмірін сақтап қалған ұшқыштар мен экипаждың ерлігі біздің есімізде мәңгі сақталады" деп Шешенстан үкіметінің жетекшісі Галас Таймасханов.
Шара кезінде әзербайжан AZAL әуе компаниясының президенті Самир Ырзаевқа апаттан аман қалған бортсеріктер Зулфугар Асадов пен Айдан Рагимлидің көрсеткен батылдығы үшін «Шешенстанға сіңірген еңбегі үшін» медалі берілген.
Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer ERJ 190-100 жолаушы ұшағы былтыр 25 желтоқсанда Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлады. Ұшақта 67 адам болған: 38-і қаза болып, 29-ы аман қалған.
Апат салдарынан қаза болған 38 адамның алтауы – Қазақстан, 25-і – Әзербайжан, жетеуі - Ресей азаматтары.
Бастапқыда апаттың себебі жөнінде түрлі долбар болды. Ұшаққа Ресей аумағында оқ атылған болуы мүмкін деген болжам айтылғанда, Қазақстанның ресми өкілдері мұны "хайп қуу" деп атап, сын айтқан.
Кейін Әзербайжан президенті Илхам Әлиев апатқа "Ресейдің өкілдері жауапты" деп мәлімдеді. Әлиев Ресейден кінәсін мойындауды және осы оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап етті.
Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына байланысты кешірім сұрағанымен, жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Тек биыл қазан айында Путин жолаушылар ұшағы апатына Мәскеу жауапты екенін мойындады. 9 қазанда Ресей басшысы ұшақ апатының себебін тек екі күн бұрын білгенін айтты.
Биыл 4 ақпанда Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатын тексерудің алдын ала қорытындысын жариялады. Көлік министрлігі мен ұшақ апатын зерттеу жөніндегі комиссия "ұшақ қаптамасындағы шұрық тесіктер сырттан бөгде заттар тигенін көрсетеді" деп жазған.
"Апатқа Ресей жауапты". Ақтау маңына Әзербайжан жолаушы ұшағы құлағанына жыл толды
1/132024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer ERJ 190-100 ұшағында экипаждың бес мүшесіне қоса Әзербайжанның - 37, Ресейдің - 16, Қазақстанның - 6, Қырғызстанның 3 азаматы, барлығы 67 адам (екеуі - бала) болған.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/13Бағытынан ауытқып, Каспий теңізінің үстімен ұшып келген ұшақ Қазақстанның Ақтау қаласы маңына жергілікті уақытпен сағат 11:28 шамасында жерге құлады. Апат салдарынан қаза тапқан 38 адамның алтауы – Қазақстанның, 25 адам - Әзербайжанның, жетеуі - Ресей азаматтары екені кейін анықталды. Үшеуі - ұшақ экипажының мүшесі.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/13Куәгерлер ұшақтың әуеден құлаған сәтін видеоға түсіріп алған. Жерге соғылған кезде бөлшектелген ұшақтың артқы бөлігі төңкеріліп, алдыңғы жағы өртенген. Оқиға орнына жедел жеткен Қазақстанның төтенше жағдай қызметі өкілдері мен қарапайым адамдар өртті өшіріп, құлаған ұшақтағы адамдарды құтқаруға кіріскен.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/13Ұшақ апатынан тірі қалған 29 адам Ақтаудағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жетеуінің жағдайы өте ауыр екенін айтты. Қазақстан жағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілетінін хабарлады.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/13Әзербайжан астанасынан Ресей құрамындағы Шешенстан астанасына жолаушы апара жатқан ұшақтың мүлде басқа жерде – Қазақстан аумағына өтіп құлауының себебі жөнінде бастапқыда әртүрлі долбар жасалды. Ресейдің әуе көлігі жөніндегі "Росавиация" агенттігі ұшаққа әуеде құстар соғылған және ұшақтағы оттегі баллоны жарылған болуы мүмкін деп хабарлады.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/13Интернетте ұшақтың артқы бөлігінің сыртқы қаптамасын тесіп өткен шұрық-тесік көп екені айқын көрінетін алғашқы видеолар лезде тарады. Ұшаққа "Ресей аумағында оқ атылған болуы мүмкін" деген негізгі болжам айтылғанда Қазақстанның ресми өкілдері оны "хайп қуу" деп атап, комиссия қорытындысын күтуге шақырған.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/13Апаттан тірі қалған жолаушылардың бірі ұшақта отырған кезінде сырттан әлдебір қатты дыбыстар естіліп, соққылар сезілгенін, әуеде қатты шайқалып кеткен ұшақта тесік пайда болғанын, жолаушылардың кейбірі денесіне әлдебір зат тиіп, жарақатын ауырсына айғайлағанын журналистерге айтып берді.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
9/132025 жылғы 4 ақпанда Қазақстанның көлік министрлігі Ақтау маңына құлаған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатын тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады. 53 беттен тұратын есепте ұшақ қаптамасындағы іздер "сырттан бөгде заттар тигенін көрсетеді" деп жазылған.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
10/13Әзербайжан президенті Илхам Әлиев ұшақ апатына "Ресейдің өкілдері жауапты" деп мәлімдеді. Әлиев Ресейден кінәсін мойындауды және осы оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап етті. Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына байланысты кешірім сұрағанымен, жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Осыдан кейін Баку мен Мәскеудің қарым-қатынасы суып кеткен еді.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
11/13Тек ұшақ апатынан кейін тоғыз айдан астам уақыт өткенде, 2025 жылғы 9 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы апатына Мәскеу жауапты екенін мойындап, Ресей өтемақы төлейтінін айтты.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
12/13Ақтауда құлаған Әзербайжан жолаушы ұшағында болған Қазақстанның алты азаматы (біреуі - 11 жасар бала) түгел қаза тапты. Биыл қыркүйекте Ресей сыртқы істер министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен зардап шеккендерге өтемақы төлей бастағанын айтып, "рейстегі 62 жолаушының 46-сының жарақаты мен қазасы бойынша талаптар толығымен қанағаттандырылды: 15 ресейлік азаматтың – 7-іне; 38 Әзербайжан азаматының – 35-і үшін; 3 қырғыз азаматына; 6 қазақстандықтың біріне [өтемақы берілген]" деп хабарлаған.
2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакудан Грозныйға ұшқан Әзербайжанның жолаушы ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлап, ондағы 67 адамның 38-і қаза тапты, алтауы – қазақстандық. Тоғыз ай өткенде Ресей президенті Владимир Путин апатқа Мәскеу жауапты екенін мойындады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
13/132025 жылғы 19 ақпанда үкіметтегі брифингіде Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев: "Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына, стандарттарына және ұсынылған тәжірибеге сай, тергеуге бір жыл уақыт беріледі. Соған сәйкес, тергеу бойынша қорытынды есеп биыл желтоқсанға дейін дайын болуы керек", – деп мәлімдеген еді.