Accessibility links

Қазан мектебіне жасалған шабуыл

11 мамырда Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектеп-гимназиясында қарудан оқ атылып, бірнеше адам қаза тапты, арасында балалар да бар.

Қазандағы Жаудат Файзи көшесінде орналасқан мектепке қарулы шабуыл жасалғаны туралы хабар тарағаннан кейін күш құрылымдары ол маңды қоршады. Мектептен адамдарды шұғыл түрде эвакуациялап, терезеден сыртқа шығарды. Әуелде шабуылды екі адам жасады, олардың бірі оққа ұшып, екіншісі мектептің ішінде қалған деген ақпарат тараған. Бірақ кейін ішкі істер министрлігі шабуылға күдікті қолға түсті, ол жалғыз өзі болған деп хабарлады.

Мектеп сайтындағы ақпаратта бұл білім мекемесінде мыңнан астам шәкірт оқиды, 57 мұғалім жұмыс істейді деп жазылған.

XS
SM
MD
LG