Accessibility links

Пальмира және ИМ тобы

«Ислам мемлекеті» содырлары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік алты мұрасының бірі – Сириядағы Пальмира қаласын 2015 жылы мамырда басып алған соң, ондағы антикалық ескерткіштерді талқандауға кіріскен.
Тамыз айында екі ғибадатхананы жарып жіберді, оның бірі – біздің заманымыздың бірінші ғасырында салынған Баал-Шамин ғибадатханасы. Қыркүйектің басында үш ежелгі заманғы мұнара да осының кебін киді, олардың ішінде ең танымалы – жер астында табыты сақталған Элахбела мұнарасы. Ал жақында ИМ содырлары біздің заманымыздың екінші ғасырында тұрғызылған әйгілі Салтанат қақпасын жермен-жексен етті, ол қақпаға рим императоры Септимий Севердің аты жазылған еді.

XS
SM
MD
LG