Accessibility links

Тәжік мигранттары туралы фотоэссе

Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Памирде түсірген суреті.
Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Памирде түсірген суреті.

Тәжікстанның әрбір төртінші азаматы күнкөріс қамымен Ресейде жүр. Олар бұл елде өздерін бөтенсінетін әлеуметтік ортада оқшау тіршілік кешіп жатыр.

Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорова өз еліндегі еңбек мигранттарына деген көзқарасқа қатты қапалы. Оның осы тақырыпты қозғайтын «Суықта» деген фотоэссесі Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірілген. Мақсаты – Тәжікстаннан келген жұмысшылар туралы қалыптасқан қате түсінікті өзгерту. Азаттық тілшісі ресейлік суретшіден сұхбат алды.

Азаттық: – «Суықта» деген фотоэссені жасау туралы идея қалай туды? Памир тауының етегіне сізді қандай күш алып келді?

Ксения Диодорова: – Бастапқыдағы идеям – мигрант жұмысшылардың ішінде әйелдердің портреттерін жасау болды. Оларды кассир ретінде емес, сұлу әйел ретінде суреттегім келді. Еңбек мигранттары мәселесіне ерекше бір қырынан назар аудартуды қаладым, себебі қазіргі уақыттағы еңбек мигранттарына деген көзқарас алаңдатады.

Ксения Диодорова.
Ксения Диодорова.

Сонымен қатар мен оқшаулану тақырыбын аша түссем дедім. Мәселен, қақаған қыста басқа әлемнен бөлініп қалған биік таудың басындағы шағын ауылды алайық. Ондағы жұрттың уақыт туралы түсінігі қала тұрғындарынан мүлде өзгеше. Сосын мен Памирден шыққан антрополог ғалымды кездестірдім, осы өңірге қызығушылығымды оятқан – сол кісі. Осы үш идеяны «Суықта» деген жобаның аясында біріктірдім. Мұнда мигрант жұмысшылардың биік таудың басында күн кешіп жатқан ата-аналарының образы сомдалған.

Тәжікстанның Бартанг шатқалындағы ауыл ауылды аралап бір ай уақытымды өткіздім. Бес-алты ауылда болып, әр ауылда әртүрлі үйде түнеп жүрдім.

Ксения Диодорованың «Суықта» фотоэссесі

Памир мен Ресей

Равмед ауылының атауы парсы тілінде "үмітке жол" дегенді білдіреді.
1/20 Равмед ауылының атауы парсы тілінде "үмітке жол" дегенді білдіреді.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Памирдің дәл жүрегінде орналасқан Бартанг шатқалында жуылған киімді кебу үшін бірнеше күн бойы іліп қояды. Киімнен сорғалаған су бірден мұзға айналады.
2/20 Памирдің дәл жүрегінде орналасқан Бартанг шатқалында жуылған киімді кебу үшін бірнеше күн бойы іліп қояды. Киімнен сорғалаған су бірден мұзға айналады.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Фазиланың күйеуі Мирфароз: "Әйел немесе қыз, мейлі ол өз күйеуінен өткен пысық, ақылды болса да, бәрібір, өзін әлсіз және тәуелді жан сияқты ұстауы тиіс. Даналықтың өзі сонда жатыр. Ондайларды құрметтеу керек, сонда өмір келісті болады" дейді.
3/20 Фазиланың күйеуі Мирфароз: "Әйел немесе қыз, мейлі ол өз күйеуінен өткен пысық, ақылды болса да, бәрібір, өзін әлсіз және тәуелді жан сияқты ұстауы тиіс. Даналықтың өзі сонда жатыр. Ондайларды құрметтеу керек, сонда өмір келісті болады" дейді.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Үйде екі электр шамы бар, оның біреуі күннен қуат алатын шағын батареяға қосылған. Рошорва ауылындағы үйлерге мұндай батареялар орнатуды Еуропа Одағы қаржыландырған.
4/20 Үйде екі электр шамы бар, оның біреуі күннен қуат алатын шағын батареяға қосылған. Рошорва ауылындағы үйлерге мұндай батареялар орнатуды Еуропа Одағы қаржыландырған.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Мәскеудегі күйеуіне келген Алима Хорогта филологиялық факультетті тәмамдаған. Бірақ Ресейде ол KFC сауда орнында кассир болып жұмыс істейді. "Бұл жерге мен күйеуім осында болған соң ғана келдім, мен оны қатты сағынатынмын, баламыз болғанын қалаймын. Нәрестелі болысыммен дереу үйіме қайтамын" дейді ол.
5/20 Мәскеудегі күйеуіне келген Алима Хорогта филологиялық факультетті тәмамдаған. Бірақ Ресейде ол KFC сауда орнында кассир болып жұмыс істейді. "Бұл жерге мен күйеуім осында болған соң ғана келдім, мен оны қатты сағынатынмын, баламыз болғанын қалаймын. Нәрестелі болысыммен дереу үйіме қайтамын" дейді ол.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Совет кезінде Бартангте тұрғындарда отын болуы үшін ағаш отырғызатын. Қазір орман-тоғай жоқ, жұрт отынды бірнеше шақырымнан тасиды.
6/20 Совет кезінде Бартангте тұрғындарда отын болуы үшін ағаш отырғызатын. Қазір орман-тоғай жоқ, жұрт отынды бірнеше шақырымнан тасиды.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Әйелін үйде қалдырып, күнкөріс қамымен Мәскеуге келген 47 жастағы Кадамның құлағы естімейді. Бала жоқ болғандықтан, әйелі екеуіне қарайласар адам да жоқ. Кадам Мәскеу түбіндегі жеке меншік үйдің қасындағы шағын вагонда бес мигрантпен бірге тұрып жатыр. Дәретхана аулада, суды құдықтан алып ішеді. Жатын орны үшін Кадам айына Ресей ақшасымен 5 мың рубль төлейді.
7/20 Әйелін үйде қалдырып, күнкөріс қамымен Мәскеуге келген 47 жастағы Кадамның құлағы естімейді. Бала жоқ болғандықтан, әйелі екеуіне қарайласар адам да жоқ. Кадам Мәскеу түбіндегі жеке меншік үйдің қасындағы шағын вагонда бес мигрантпен бірге тұрып жатыр. Дәретхана аулада, суды құдықтан алып ішеді. Жатын орны үшін Кадам айына Ресей ақшасымен 5 мың рубль төлейді.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Памирдегі үйлерде терезе өте сирек кездеседі. Үй ішіне жарық негізінен төбедегі түтін шығар тесіктен түседі.
8/20 Памирдегі үйлерде терезе өте сирек кездеседі. Үй ішіне жарық негізінен төбедегі түтін шығар тесіктен түседі.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Ауылбек құрылыста жұмыс істейді. Оның бригадасына атқарған жұмысына ақша төленбегеніне екінші айдың жүзі болды.
9/20 Ауылбек құрылыста жұмыс істейді. Оның бригадасына атқарған жұмысына ақша төленбегеніне екінші айдың жүзі болды.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Бүгін күні бойы қар жауды. Егер бес сантиметр артық қар түссе көшкін жүру қаупі бар. Ондай кезде көшкін жолды жауып тастайтындықтан, ауылдың сырт жақпен қатынасы көктемге дейін үзіледі.
10/20 Бүгін күні бойы қар жауды. Егер бес сантиметр артық қар түссе көшкін жүру қаупі бар. Ондай кезде көшкін жолды жауып тастайтындықтан, ауылдың сырт жақпен қатынасы көктемге дейін үзіледі.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Фаридун Мәскеу маңындағы автокөлік жуатын орында жұмыс істейді. Қаңтар айында әйелі босанып, дүниеге қыз бала келді. Фаридун баласын тағы да көріп қайту үшін келесі жолы ауылына барғанда қызы бір жарым жаста болады.
11/20 Фаридун Мәскеу маңындағы автокөлік жуатын орында жұмыс істейді. Қаңтар айында әйелі босанып, дүниеге қыз бала келді. Фаридун баласын тағы да көріп қайту үшін келесі жолы ауылына барғанда қызы бір жарым жаста болады.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Ресейге жұмысқа келген памирліктердің мұндағы тұрмыстары да үйдегідей: жерде ұйықтайды, тамақты баршаға тең бөліп, асты жерге жайылған дастарханға қойылған жалғыз ыдыстан ішеді.
12/20 Ресейге жұмысқа келген памирліктердің мұндағы тұрмыстары да үйдегідей: жерде ұйықтайды, тамақты баршаға тең бөліп, асты жерге жайылған дастарханға қойылған жалғыз ыдыстан ішеді.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Жалдамалы пәтерде памирліктер тым жұпыны тұрып жатыр: жихаз атаулы жоққа тән, артық еш зат жоқ. Демалыс күндері күндіз тұрғындар шай ішеді. Бөлменің бір бұрышында жиналып қойылған матрастардың үстіне кілем жабылған.
13/20 Жалдамалы пәтерде памирліктер тым жұпыны тұрып жатыр: жихаз атаулы жоққа тән, артық еш зат жоқ. Демалыс күндері күндіз тұрғындар шай ішеді. Бөлменің бір бұрышында жиналып қойылған матрастардың үстіне кілем жабылған.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Егер бір үйде қандай да бір мереке бола қалса отбасы көп етіп палау пісіріп, әйелдер ыдысқа салынған дәмді ауылдағы барша үйге таратады.
14/20 Егер бір үйде қандай да бір мереке бола қалса отбасы көп етіп палау пісіріп, әйелдер ыдысқа салынған дәмді ауылдағы барша үйге таратады.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Жуманың бауыры 17 жылдан бері үйінде болмаған. Ол алты жастағы қызын да ешқашан көрмеген, қызы қазір әйелінің туыстарында өсіп жатыр.
15/20 Жуманың бауыры 17 жылдан бері үйінде болмаған. Ол алты жастағы қызын да ешқашан көрмеген, қызы қазір әйелінің туыстарында өсіп жатыр.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Бұл жерде байланыс, жол, өнеркәсіп жоққа тән, электр қуаты өте сирек беріледі
16/20 Бұл жерде байланыс, жол, өнеркәсіп жоққа тән, электр қуаты өте сирек беріледі
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
3500 метр биіктіктегі бұл жердегі үйлердің басым көпшілігінде теледидар бар. Күнкөріс қамымен сыртқа кеткен адамы бар отбасыны «әлеммен» жалғастырып тұрған жалғыз байланыс - осы теледидар.
17/20 3500 метр биіктіктегі бұл жердегі үйлердің басым көпшілігінде теледидар бар. Күнкөріс қамымен сыртқа кеткен адамы бар отбасыны «әлеммен» жалғастырып тұрған жалғыз байланыс - осы теледидар.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Мәскеу мен Петербургте осы жобаны түсірген төрт айдың ішінде менің кейіпкерлерімнің төртеуін Ресейден депортациялады, мен оларға жолыға алмадым. Осы уақыт ішінде мен Памирде танысқан адамдардың сегізі Ресейге келді.
18/20 Мәскеу мен Петербургте осы жобаны түсірген төрт айдың ішінде менің кейіпкерлерімнің төртеуін Ресейден депортациялады, мен оларға жолыға алмадым. Осы уақыт ішінде мен Памирде танысқан адамдардың сегізі Ресейге келді.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Бұл отбасында қуаныш: алты жыл бойы Мәскеуде жұмыс істеген ұлдары депортацияға ұшырағандықтан үйіне қайтып келді. "Екі-үш ай ата-анамның жанында болып демалам. Сосын - қайта кетемін" дейді ол.
19/20 Бұл отбасында қуаныш: алты жыл бойы Мәскеуде жұмыс істеген ұлдары депортацияға ұшырағандықтан үйіне қайтып келді. "Екі-үш ай ата-анамның жанында болып демалам. Сосын - қайта кетемін" дейді ол.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Мәскеуден Бартанга шатқалына дейінгі жол 15 сағат уақыт алады. Қыс мезгілінде жолсыз жермен жүре алатын жекеменшік көліктермен ғана жетуге болады. Көлік жүргізушісі әр жолаушыдан жүз доллардан жинайды. Мұнда бір литр бензиннің бағасы шамамен 35 рубль тұрады.
20/20 Мәскеуден Бартанга шатқалына дейінгі жол 15 сағат уақыт алады. Қыс мезгілінде жолсыз жермен жүре алатын жекеменшік көліктермен ғана жетуге болады. Көлік жүргізушісі әр жолаушыдан жүз доллардан жинайды. Мұнда бір литр бензиннің бағасы шамамен 35 рубль тұрады.
«Суықта» фотоэссесі. Ресейлік суретші-дизайнер Ксения Диодорованың Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында және Ресейде түсірген суреттері.
Previous slide
Next slide


Азаттық: – Сіз бұл аймақты «ұмыт қалған аймақ» деп сипаттайсыз ба?

Ксения Диодорова: – Мағынасы сондай, бұл – ұмыт қалған аймақ. Бірақ, мұндағы тұрмыс ауыр деген ойдан аулақпын. Батыстың прогресс туралы көзқарасымен қарар болсақ, мұндағы халық өркениет көшінің соңында қалып қойғаны рас. Әу баста жобамды «Суықта жоғалғандар» деп атаған едім, артынан «жоғалғандар» деген сөзді алып тастадым. Ондағы халық «жоғалғандар» емес, олар тек басқаша өмір сүреді.

Азаттық: – Тәжікстандағы аяздың азабын өзіңіз де тарттыңыз ба, әлде бұл метафора ма?

Ксения Диодорова: – Бұл – метафора. Мен екі түрлі жағдайды баяндаймын. Оның бірінші бөлігі Памир тауында, екіншісі Ресейде түсірілген. Памир тауындағылар табиғаттың суығынан, ал олардың Ресейдегі жақын-жуықтары әлеуметтік суықтықтан зардап шегіп жатыр.

Азаттық: – Сіздің ойыңызша екеуінің қайсысы ауыр, әлеуметтік суықтық па әлде табиғаттың суығы ма?

Ксения Диодорова: – Бұл жобаның кейіпкерлерінің барлығының бойында өздері сезе бермейтін ішкі күш-қуат бар. Олар ешқашан зарламайды, Памирде жүрсе де, Ресейде жүрсе де.

Азаттық: – Сіз барған ауылдарда сізге қатты әсер еткен нақты тағдырлар болды ма?

Ксения Диодорова: – Мені қатты толғандырғаны – еңбек миграциясының кесірінен мұнда балалар ата-анасыз өсіп жатыр. Еңбек мигранттарының балалары әке-шешелерін бірнеше жыл көрмейді. Мұнда бұл үйреншікті жағдайға айналған.

Азаттық: – Сіз тілдескен кісілердің Ресей туралы, орыстар туралы көзқарасы қандай? Олар мигранттарға жасаған қысастығы үшін Ресейге қырын қарамай ма? Әлде ол тәжіктердің тұрмысының ажырамас бір бөлігіне айналып кеткен бе?

Ксения Диодорова: – Меніңше олар Ресейге өз өмірлерінің бір бөлігі ретінде қарайды. Жұмысшы мигранттардың басым бөлігі әлеуметтік тұрғыда оқшау қалғаны түсінікті. Меніңше, олар Ресейді тірі қалудың бірден-бір жолы деп санайды. Ол жақта өмір сүру қиын екендігін, оларға деген көзқарас әркелкі екенін өздері де біледі.

Азаттық: – Сіздің жобаңыз тәжіктерге, жалпы еңбек мигранттарына қатысты қалыптасқан стереотиптерді өзгертуге бағытталған. Сіз сөз етіп отырған осындай стереотиптерді тізіп айтып беріңізші.

Ксения Диодорова: – Тәжікстанның ежелгі мәдениеті, бай дәстүрі бар. Қарапайым адамдардың көзқарастары, олардың философиясы өте маңызды. Сондықтан, тәжік әйелдеріне үйлерінен шығуға тыйым салынған, олардың барлығы бастарына орамал салып жүреді, тәжіктер – лас халық, қолдарын жумайды, еденге ұйықтайды деп ойлайтындар сияқты қарабайыр түсініктің жаңсақ екендігін айтқым келді. «Мигрант жұмысшылар біздің жұмыс орындарымызды тартып алып жатыр» дегеннен бастап «олар неге өз елдерінде жүре бермейді?» дегенге дейінгі аралықтағы түрлі стереотиптерді өзгертуге мүмкіндігім жоқ шығар. Бұл мәселелер – үкіметтің, саясаттың құзырындағы нәрсе, сондықтан менің жобамда ол туралы айтылмайды. Бұл – қарапайым адамдардың қарапайым адамдар туралы жобасы.

Андрей Шарыйдың материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

Айдар
XS
SM
MD
LG