Accessibility links

Ағасы "Сирияға баруға үгіттеген" інісін полицияға ұстап берді


Тәжікстанның Хатлон облысы Дангара ауданындағы Мехтар ауылының тұрғыны Шомурод Кавраков. 4 қыркүйек 2017 жыл.

Тәжікстанның Хатлон облысы Дангара ауданындағы Мехтар ауылының тұрғыны Шомурод Кавраков полицияға хабарласып, інісі Ботирхонды ұстап берді. Ағасының сөзінше, інісі жұртты "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылуға үгіттеп, топ құруға насихаттаған.

Ол інісін тұтқындауға септесіп, бауырының сотында куәлік етті. Сот Ботирхон Кавраковтың қылмыстық кодекстің үш бабы - "Экстремистік ұйымның ісіне араласу", "Қылмыс туралы хабарламау не оны жасырып қалу" және "Жалдамалылық" бойынша айыптап, 12 жыл 6 айға соттады.

Сотталған Ботирхон Кавраков.
Сотталған Ботирхон Кавраков.

Інісінің сотталуына сеп болған Шомурод Кавраковтың мамандығы - заңгер, бірақ мамандығы бойынша жұмыс табылмағандықтан ол қазір қауын егеді. Шомурод әке-шешесі мен туыстарының өзін айыптағандарын айтады.

- Олар маған "ініңді сатып кеттің" дейді. Бірақ бұл ісіме өкінбеймін. Ботирхонға терроризмге насихаттау мен жұртты үгіттеуіңді қой деп бірнеше рет айттым. Бауырымды құтқарып қалуым керек болды, басқа амалым қалмады, - дейді Шомурод Кавраков.

"Әке-шешем мені әйтеуір бір түсінер" деген Шомурод Кавраков енді түрмеде жатқан інісіне барып, өзінің ісі дұрыс болғанына оның көзін жеткізбек.

Ботирхон Кавраковқа жаза кескен Хатлон облыстық сотының судьясы Гиёсиддин Мирзоданың сөзінше, ол екі жыл бұрын Мәскеуде құрылыста жұмыс істеп жүрген кезінде "Ислам мемлекеті" тобына барып қосылу туралы үгіт жүргізе бастаған.

- Батирхон мен сыныптасы Нуриддин Кенджаев Шомуродиы да Сирияға баруға үгіттеген. Батирхон әскерге барып келген ағасының ол ұйымда мансап аларына сенімді болған. Бірақ Шомурод "Мен бармаймын, сендер де қойыңдар" деген, - дейді судья.

Ботирхон Кавраков Сирияға барарда әке-шешесімен қоштасу үшін ауылына келген кезде ағасы ол туралы арнайы қызметке хабарлаған.

- Інімнің Сирияға кету жоспарын барын білгенімде билік орындарына хабарладым. Сирияға кеткенше түрмеде отырсын, - дейді Шомурод Кавраков.

Тәжікстан билігінің дерегінше, 2015 жылдан бері бұл елдің 1150-ден астам азаматы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылу үшін Сирия мен Иракқа кеткен. Олардың кемінде 300-дейі қаза тауып, 60-тайы өз еркімен елге келіп, билік орындарына берілген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: "Ислам мемлекетінен" кейінгі өмір

Өз еркімен қайтқандардың бәрі бірдей сотталған жоқ. Елдегі 2015 жылдан бері күшіне енген қылмыстық кодекс түзетулері бойынша, шетелдік әскери топтардан өз еркімен қайтқан адамдар, соғысқа қатыспаған болса, кешірімге ие болады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG