Accessibility links

Оғаш видеосы шыққан тәжік молда сотқа тартылды


Тәжік молдасының әрекеті туралы YouTube видеосынан көрініс.
Тәжік молдасының әрекеті туралы YouTube видеосынан көрініс.

Құран сүрелерін оқып отырып, әйел адамды аймалаған ауыл молдасы туралы видео тәжікстандық YouTube-те көп көрермен жинады. Молданың Душанбедегі соты да қоғам назарын аударып отыр.

Жергілікті тұрғындар молда Асадулло Иброхимовты бедеуліктен емдейтін тәуіп ретінде біледі. Бірақ тәжік молдасының емдеу әдісі жарияланған видео қазір сотта қаралып жатыр. Иброхимовке «сексуальдық қылмыс пен алаяқтық жасады» деген айып тағылды.

«СИҚЫРШЫ МОЛДА»

Осы аптада Душанбедегі сотта ісі қаралған Иброхимов «жартылай айыпты деп танылғанын, сол үшін жеті жылға сотталуы мүмкін екенін» айтты. Оның сөзіне қарағанда, емделуге келген әйел адамның да жазығы бар.

Иброхимовтың бедеуліктен емделуге келген әйелмен түскен бірге видеосы YouTube-ке жарияланған соң, қыркүйек айында тұтқындалды. Тәжікстанның ішкі істер министрлігі видеодағы адамның Иброхимов екенін анықтап, оған қарсы іс қозғады.

Бес минуттық көріністе Иброхимов әуелі әйелмен сөйлесіп отырады, содан кейін Құран сүрелерін оқып, «емдей» бастайды. Ер адам әйелді құшақтап, сүйіп, көйлегін көтеріп, кеудесі мен белін сипайды, оны айналып жүреді. Бұл материал тәжікстандық YouTube-те ең көп көрермен жинаған видеоға айналды. Жұрт Иброхимовты «сиқыршы молда» атап кетті.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі «әйел - - Душанбе қаласының Рудаки ауданының тұрғыны, 26 жастағы Р.З. деген ақпарат таратты. Министрлік сайтында келтірілген мәлімет бойынша «молда әйелдің дәрменсіз күйін пайдаланып, үйінде онымен сексуалдық әрекет жасаған».

«ӘЙЕЛ МЕНІ АЗҒЫРДЫ»

Душанбе маңындағы Лучоб ауылында тұратын Иброхимов дүйсенбі күні (21 қазан) болған сот отырысында түсінік берді. Судья Исмаил Давлатовтың
Молданы сотқа әкеле жатыр. Душанбе, 21 қазан 2013 жыл.
Молданы сотқа әкеле жатыр. Душанбе, 21 қазан 2013 жыл.
айтуынша, «молда айыбын жартылай мойындап, «әйел адам мені солай істеуге мәжбүрледі» деген».

Душанбенің Сино ауданы соты өкілдері әйел мен үш куәгердің 23 қазанда аяқталатын жабық сотқа қатысып, түсініктеме беретінін айтты. Бұл сот жұрт назарын аударып отыр. Журналистерге әйел мен куәгерлерді суретке түсіруге тыйым салынды. Сот өкілдерінің айтуынша, Р.З. суретке түсіртпеу туралы өтініш айтқан.

Молданың туыстары мен әйелі Иброхимовты қорғайды. Олар әйелді «молданың басын айналдырды, азғырды» деп айыптады. Иброхимовтың аты-жөнін атамаған туысы журналистерге «Бұның бәріне әйел кінәлі, молданы иығынан құшырлана құшақтап тұрғанын көрмедіңіздер ме?» деді.

Видеоны кім түсіріп алғаны және оны YouTube желісіне кім салғаны анықталмады. Бір апта бұрын басқа бір тәжік молданың сексуалдық сипаттағы видеосы да сайтқа жарияланған еді. Лучобтағы жергілікті билік «Иброхимовтың танымал діндарлардың әулетінен шыққанын, бауырының аудандық мешітте имам екенін» хабарлады.

Фарангиз Наджибулла мен Тахир Сафардың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG