Accessibility links

Душанбені қанға бөккен "Ақпан оқиғасына" 30 жыл

1990 жылы ақпанның басында елде "Душанбеге армениялық босқындарды әкеліп, жаңа көпқабатты үйлерге орналастырды" деген сыбыс тараған. Осыдан соң 11 ақпанда 200-дей адам Компартияның Орталық комитетінің ғимаратына жиналып, биліктен жауап күтті. Наразыларға билік өкілдері шығып, 12 ақпанда түстен кейін бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасауға уәде берген. Ертеңінде сол маңға тағы да адамдар жиналды. Бірақ биліктен ешкім шықпады. Осыдан соң наразылар Орталық комитет ғимаратына, Су шаруашылығы министрлігінің ғимаратына, дүкендерге шабуылдай бастады. Душанбеде коменданттық сағат жарияланып, кешкісін қалаға "Альфа" тобы кірді. Ақпандағы наразылықтан 26 адам қаза болды, төрт жүздей адам жараланды. 13 ақпанда жұрт наразылығынан соң Тәжік ССР-і Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы, Каххор Махкамов, Министрлер кеңесінің төрағасы Иззатулло Хаеев және Тәжік ССР-і жоғарғы кеңесінің төрағасы Гоибназар Паллаев отставкаға кету туралы өтініш жазды. Билікке "Комитет 17" келді. Бірақ екі күн өткен соң Совет одағы Компартиясы Орталық комитетінің пленумы биліктегілердің отставка туралы өтінішін қабылдамады.
1990 жылғы ақпандағы оқиғаны тергеуге Мәскеуден КГБ, ІІМ және Бас прокуратурадан жүзден астам қызметкер келді. Тергеу төрт айға созылды. Кейін олар бұл істі соңына дейін жеткіздей тәжік әріптестеріне берді. Бір жылдан соң Тәжік ССР-і органдары оқиғада қылмыстық құрам жоқ деп істі жауып тастады.




XS
SM
MD
LG