Ташкентте маусымның 23-24-і күндері Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтіп жатыр. Қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Өзбек астанасының орталық көшелері бос жатыр, жұрт қарасы байқалмайды.
ШЫҰ саммиті кезіндегі Ташкент көшелері
1
Ташкенттің негізгі көшелерін жауып тастаған.
2
Ташкент көшелері қаңырап бос тұр.
3
ШЫҰ саммитіне Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан басшылары келген.
4
Бұған дейін саммитке бір апта қалғанда қауіпсіздік қызметтері Ташкентке азаматтардың келуі мен кетуін шектегені туралы хабарланған еді.
5
Ташкент көшелерінен полицияны ғана көруге болады.
6
Ташкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
7
Азаттықтың Өзбек қызметі саммит күндері Ташкентке Совет Одағы кезінде жасалған көліктер кіргізілмей жатқанын хабарлады.
8
Ташкент саммиті ШЫҰ құрылғанына 15 жыл толғанда өтіп отыр. Бұл жолы ұйым құрамына Үндістан мен Пәкістан кіреді.
9
ШЫҰ-ға Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мүше.
10
ШЫҰ серіктестері - Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия мен Шри-Ланка.
11
12