Accessibility links

Татар тіліне арналған құрылтай


Татар тіліне арналған құрылтай
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:52 0:00

Татарстан астанасы Қазан қаласында татар тілі оқытушыларының құрылтайы өтті. Оған Қазақстаннан да методистер мен мұғалімдер қатысты. Құрылтай Ресей Федерациясы құрамындағы елдердің ана тілдерін міндетті емес, ерікті түрде оқытуға құқық беретін заң жобасы дау тудырған кезде өткізіліп отыр. Құрылтайда Ресей білім министрлігінің департамент директоры Андрей Петров елде орта мектепте ана тілін оқыту тұжырымдамасы бекітілетіндігін жариялады. Ол татар тілі оқытушыларының қауымдастығы құру туралы да айтты. Татарстанда тіл мәселесі Ресей президенті Владимир Путиннің өзге тілдерді оқыту міндетті болмауы керек деген пікірінен кейін даулы жайға айналды. Биылғы сәуір айында Ресей Мемлкеттік думасының бірнеше депутаты татар тілі сабағын міндетті пәндер қатарынан алуды ұсынған. Осыған қатысты татарстандық белсенділер, Мемлекеттік думаға Татарстаннан сайланған депутаттың сайлаушылар құқығын қорғай алмай отырғанын айтып, өкілеттігін тоқтатуды талап етіп қол жинаған. Кейіннен ана тілін оқыту тек сол тілдерде сөйлейтін адамдардың ғана міндеті болуы керектігі айтылды. Белсенділер болса, Татарстан аумағында мемлекеттік тіл татар тілі міндетті түрде оқытылуы керек деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG