Accessibility links

Бұрынғы һәм қазіргі Берлин

Еуропа екінші дүниежүзілік соғыстың біткеніне 70 жыл толғанын атап өтіп жатыр. 1945 жылғы мамырдың 9-ында нацистік Германия үкіметі Берлинде ешбір шартсыз берілу туралы келісімге қол қойған. Соғыс кезінде қаладағы көрнекі ғимараттар мен 600 мың пәтер қирап қалған болатын. Берлиннің батысы мен шығысын бөліп тұрған қабырға құлағанша соғыстың ізі кете қойған жоқ. Бірақ 1990 жылдан бері қала адам танымастай болып өзгерді.

Photo 1 Photo 2
Берлин қабырғасының түбіндегі әйгілі Бранденбург қақпасы Қырғи-қабақ соғыс жылдары аяқталғанша қираған күйі жатқан. Қақпа 2000-2002 жылдары қалпына келтірілді.
Photo 1 Photo 2
1945 жылғы сәуірдің 30-ында бір топ совет әскері суретке түскен кезде Рейхстагтың түрі осындай болатын. Қазір күмбезін сәулетші Норман Фостер шыныдан жасап берген бұл ғимарат Германия парламентінің мекен-жайы.
Photo 1 Photo 2
Кайзер Вильгельм атындағы шіркеу Берлиндегі соғыстың таңбасы әлі көрініп тұрған аз ғимараттың бірі. 1943 жылғы әуе шабуылы шұрық-тесік еткен ғибадатхана әдейі сол күйінде қалдырылған.
Photo 1 Photo 2
Рейхстагқа басқа қырынан қарағандағы көрініс. Қазіргі туристер ғимараттың ішіне кіргенде совет әскері 1945 жылы қабырғасын шимайлап кеткен кейбір жазуларды әлі де көре алады.
Photo 1 Photo 2
Александерплац 1920 жылдардағы Берлиннің түнгі сауық орталығы болған. Соғыс кезінде қатты қираған. Шығыс Берлинде қалған ғимарат 1960 жылдары қалпына келтіріліп, сол жағына телемұнара түсті.
Photo 1 Photo 2
Майдангер журналист, ақын Василий Захарченко (оң жақта) 1945 жылғы мамырдың 16-сы күні совет офицерімен сөйлесіп тұр. Тура сол орында 2015 жылғы сәуірдің 24-інде Клеменс атты велорикша жүргізушісі турист-клиент күтіп отыр. Сол жақта – әйгілі Adlon қонақ үйі тұр. 1945 жылы қонақ үй жермен-жексен болып қалған. Оның ғимараты 1997 жылы қайта қалпына келтірілді.
XS
SM
MD
LG