Қырғызстанның Ыстықкөл ауданындағы Қыршын жайлауында өткен үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық спорт түрлерінен 66 елдің және Ресейдің 11 субъектісінен 3 мыңға жуық спортшы қатысып, бәсекеге түсті. Азаттық осы ойындарға қатысқан әйелдер туралы фотогалерея ұсынады. Суреттердіі түсірген - Амос Чапл.
Көшпенділер ойындарындағы әйелдер
![Түркиядан келген 18 жастағы Жансет Генел ат үстінде садақ тарту бәсекесінен бірінші орынды иеленді.](https://gdb.rferl.org/29ca5227-a80c-4b65-a1d5-05d6b6461924_w1024_q10_s.jpg)
1
Түркиядан келген 18 жастағы Жансет Генел ат үстінде садақ тарту бәсекесінен бірінші орынды иеленді.
![Ат үстінде садақ тарту бәсекесіне қатысқан қырғызстандық Аида Ахматова. Ойын ережесі бойынша, шабандоз атпен шауып келе жатып 120 метрлік жол бойындағы үш жамбыға жебені дәл тигізуі тиіс.](https://gdb.rferl.org/3846d13a-c034-4471-9688-648b14cbe0b2_w1024_q10_s.jpg)
2
Ат үстінде садақ тарту бәсекесіне қатысқан қырғызстандық Аида Ахматова. Ойын ережесі бойынша, шабандоз атпен шауып келе жатып 120 метрлік жол бойындағы үш жамбыға жебені дәл тигізуі тиіс.
![Көшпенділер ойындарына АҚШ-тың Техас штатынан қатысқан Сюзанна Уинфилд алаңға ковбойша киініп шықты.](https://gdb.rferl.org/649cbddc-e3fa-4d7b-a54c-8e16b4127aee_w1024_q10_s.jpg)
3
Көшпенділер ойындарына АҚШ-тың Техас штатынан қатысқан Сюзанна Уинфилд алаңға ковбойша киініп шықты.
![Қырғызстандық Аяна Рүстем (сол жақта) бәсекелестерімен бірге садақ ату сайысы кезінде.](https://gdb.rferl.org/a4307657-84b6-4449-b6f4-c2a84d3d06ae_w1024_q10_s.jpg)
4
Қырғызстандық Аяна Рүстем (сол жақта) бәсекелестерімен бірге садақ ату сайысы кезінде.
![Ұлттық киім киген жас әйел фестиваль қонақтарына нан ұсынып тұр.](https://gdb.rferl.org/83d66461-0ac3-446a-9a9f-bc5b2c02411f_w1024_q10_s.jpg)
5
Ұлттық киім киген жас әйел фестиваль қонақтарына нан ұсынып тұр.
![Көшпенділер ойындарына қатысушы қыз бен жігіт.](https://gdb.rferl.org/88e44909-96f3-42de-8009-22f9e7b382cc_w1024_q10_s.jpg)
6
Көшпенділер ойындарына қатысушы қыз бен жігіт.
![Ұлттық киім киіп, қодас мінген қырғыз әйелдері.](https://gdb.rferl.org/583c879e-5777-4e09-b614-287079b45474_w1024_q10_s.jpg)
7
Ұлттық киім киіп, қодас мінген қырғыз әйелдері.
![Салт атты жігіттер фестивальді тамашалауға келген меймендарды тау өзенінен атқа мінгізіп өткізіп жатыр.](https://gdb.rferl.org/f924e71c-4741-48a5-83bb-80ebd9ecb529_w1024_q10_s.jpg)
8
Салт атты жігіттер фестивальді тамашалауға келген меймендарды тау өзенінен атқа мінгізіп өткізіп жатыр.
![Индонезиядан Дизи Хидаяти фестиваль сахнасында ұлттық би билеп, өнер көрсеткеннен кейін суретке түсіп тұр.](https://gdb.rferl.org/939e09cf-43e1-48af-bc15-4fe63099501f_w1024_q10_s.jpg)
9
Индонезиядан Дизи Хидаяти фестиваль сахнасында ұлттық би билеп, өнер көрсеткеннен кейін суретке түсіп тұр.
![Қырғызстандық садақшы қыз Аида Аматова жарыс кезінде төрешімен сөйлесіп тұр.](https://gdb.rferl.org/0ed7d1f4-1584-48c4-ba56-319014d380f9_w1024_q10_s.jpg)
10
Қырғызстандық садақшы қыз Аида Аматова жарыс кезінде төрешімен сөйлесіп тұр.
![Көшпенділер ойындарында садақ ату сайысына Моңғолиядан келген Бан Батар да қатысты.](https://gdb.rferl.org/643d8306-3e63-4eed-9b80-fab77c7928bd_w1024_q10_s.jpg)
11
Көшпенділер ойындарында садақ ату сайысына Моңғолиядан келген Бан Батар да қатысты.
![Қыршын жайлауындағы этноқалашықты тамашалап жүрген қырғыз әйелдері.](https://gdb.rferl.org/55ddf1b2-52d8-4739-9a94-4774911c5d2e_w1024_q10_s.jpg)
12
Қыршын жайлауындағы этноқалашықты тамашалап жүрген қырғыз әйелдері.
ПІКІРЛЕР