Accessibility links

The Spirit оf Tengri-2016 фестивалі

Алматыда маусымның 4-і күні басталған төртінші The Spirit оf Tengri этникалық музыка фестивалі екінші күн жалғасып жатыр. Республика сарайы алдындағы алаңда екі кеш бойы өтетін өнерпаздар концерті жұртшылыққа тегін көрсетіледі.

Осымен төртінші рет өткізіліп отырған фестиваль бағдарламасында Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия және Эстониядан барлығы 13 қатысушы өнер көрсетеді. Олар ұлттық әуендерді қазіргі заман нақышына салып, ұлттық саз аспаптарымен бірге электронды аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.
Түгелін оқыңыз

Биылғы фестивальды Башқұрстанның «Арғымақ» этно-рок тобы алғашқы болып бастады. Осымен Алматыға үшінші жыл қатарынан келген топқа Ринат Рамазанов (оң жақта) жетекшілік етеді. Топ өнерпаздары Алматы көрерменіне танылып үлгерген шығармаларымен бірге жаңаларын да әкеліпті. «Арғымақ» тобы музыкалық шығармаларды симфониялық оркестрлермен бірге орындауға да көп көңіл бөледі.
1

Алматыға башқұрттар биыл кеңейтілген құрамда – өздерімен бірге дауылпаздар тобын ала келіпті.
2

Көрермендер концертті сахнадан үш метрдей жерден өтетін қоршау сыртынан тамашалады.
3

Алматыдағы фестивальге алғаш рет қатысып отырған Ресейдің Саха республикасынан келген «Айархаан» тобы бұған дейін Астанада өнер көрсеткен. Саха елінің ұлттық киіміндегі үш қыздың хомус (шаңқобыз) ойнаған өнері көрерменді тәнті етті. Олар хомус дыбысымен әртүрлі құстардың үнін салды. Өткен 14 жыл ішінде өнер ұжымы ресейлік және халықаралық байқаулар мен фестивальдерден жиырмаға жуық жүлде иеленген. Суретте: топтың негізін қалаған әрі көркемдік жетекшісі Альбина Дегтярева.
4

Тағы

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG