Осы аптада әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттықтың фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
Киевтегі ұлтшылдар маршы және Бейруттегі көрме
1
Пәкістандағы есірткімен күрес қызметінің өкілі селфи жасап тұр. Артында тәркіленген есірткілер өртеніп жатыр.
2
Францияның оңтүстік-батысындағы су шайған ауданда бүлінген жолмен кетіп бара жатқан тұрғындар
3
Пәкістанның Пешевар қаласында қуырылған тауық сатып тұрған сатушы
4
Алматы саябағындағы тиін
5
АҚШ-тың Флорида штатында болған дауылдан қираған үйіне қарап түрған тұрғын
6
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путинге арналған өнер туындысы. Ливан астанасы Бейрутта өткен көрмеге қойылған туындының авторының шын аты аталмайды. Лақап аты "Киелі өтірік"
7
Минскідегі ресейлік дінбасыларды қарсы алу салтанатты шарасы
8
Пәкістандағы дін факультетінің студенттері алты ай сайын өтетін емтихандарын тапсырып жатыр
9
Ауғанстанның көне Герат қаласында баласымен серуендеп бара жатқан әйел
10
Киевтегі ұлтшылдар қозғалысының белсенділері. Ондаған оңшыл-радикалдар мен ардагерлер қала орталығында марш өткізді