Осы аптада әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттықтың фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
Британ әскеріне қосылуға ұмтылған қыздар және "Союз" сапары

1
Енисей өзеніндегі жабайы үйректер. Ауа температурасы -30 градусты көрсетіп тұр.

2
Түтінге оранған Сараево қаласы. Босния-Герцеговина.

3
Ресейлік, америкалық және канадалық ғарышкер отырған "Союз МС-11" кемесі Байқоңыр айлағынан ғарышқа көтерілді. Қазан айындағы апаттан соң "Союз" кемесі 3 желтоқсанда бірінші рет ғарышқа ұшты. Экипаж мүшелері халықаралық ғарыш станциясына алты сағаттан соң жеткен.

4
Азов теңізіндегі Мариуполь портында күзетіп тұрған украиналық арнайы қызмет өкілі

5
Алматыда өткен бүркітшілер сайысында атқа мінген қатысушылардың бірі айналасына қарап тұр.

6
Байқоңыр айлағынан "Союз МС-11" кемесі ғарышқа аттанар алдында ортодокс шіркеуінің қызметкерлері кеменің аман-есен жетуін тілеп, діни рәсім орындады.

7
Осы аптада Непал астанасы Катмандуда 18 бен 21 жас аралығындағы жүздеген қыз 8 айға созылатын жаттығу бағдарламасын бастады. Олар елдегі британ әскеріне қарайтын элиталық полктың құрамына енгісі келеді. 2020 жылдан бастап оған қыздарды да ала бастайды.

8
Азов теңізіндегі кемелер. 25 қарашада Қара теңізде ресей әскерилері украиналық кемелерді атқылап, екі кеме мен бір буксирді ұстаған. Ресей мен Украина оқиғаға бір-бірін кінәлады. Қазір Ресейде ұсталған 24 украиналық теңізшіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Батыс елдері Ресей әрекетін сынады.