Accessibility links

Тоқаев Көшербаев пен Тұқымовты елші етіп тағайындады

Ермек Көшербаев
Ермек Көшербаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевты Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі, оған қоса Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына, ал Еркін Тұқымовты Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындады. Тиісті жарлықтар 13 қазанда президенттің ресми сайтында жарияланды.

61 жастағы Ермек Көшербаев биыл қыркүйектің басында үкімет ауысқанға дейін Қазақстанның сыртқы істер министрі болған. Ол бұл лауазымға былтыр күзде тағайындалған еді. Оның алдында Көшербаев премьер-министрдің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстанның Ресейдегі елшісі, сыртқы істер вице-министрі, ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары және өзге де жауапты қызметтер атқарған.

53 жастағы Еркін Тұқымов 2025 жылғы маусымнан бері Қазақстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, оған дейін сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болған. Ал оның алдында президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып жұмыс істеді.

Сейсенбі күні Тоқаев тағы бір жарлығымен Сәулекүл Сайлауқызын Қазақстанның Мароккодағы төтенше және өкілетті елшісі әрі Қазақстанның Тогодағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатты.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG