Accessibility links

Тоқаев вице-президенттің өкілетін бекітті

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және оның сол кездегі кеңесшісі, қазіргі вице-президент Ерлан Қарин. 2020 жыл.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және оның сол кездегі кеңесшісі, қазіргі вице-президент Ерлан Қарин. 2020 жыл.

5 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт .Тоқаев вице-президенттің өкілетін бекітті. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Оған сәйкес, вице-президенттің өкілетіне өзге міндеттермен қатар “мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты саласындағы стратегиялық сипаттағы бастамаларды әзірлеп, президентке ұсыну”, “мемлекеттік органдармен, сонымен бірге саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік ету” кіреді.

Өз кезегінде вице-президент: өз өкілеті аясында өкім шығара алады; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма бере алады; мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрата алады.

31 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті лауазымына тағайындады.

Қазақстанда биыл шілде айында күшіне енген жаңа Конституция бойынша, елде вице-президент лауазымы жаңадан енгізілген. Вице-президентті қызметке Құрылтайдың келісімі бойынша президент тағайындайды және босатады. Ал мемлекет басшысы қайтыс болған немесе қызметінен кеткен жағдайда, Конституцияға сәйкес, оның өкілеті вице-президентке өтеді.

50 жастағы Қарин бұған дейін президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, мемлекеттік хатшы, президенттің көмекшісі, президенттің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Айдар
XS
SM
MD
LG