23 жыл бұрын Қарақалпақстаннан атамекеніне көшіп келген Дина Әжібайды тұрмыс тауқыметі қажытқан. Төрт баланың анасы психикалық сырқатқа ұшыраған ұлын жергілікті жерде тіркете алмай келеді. Алматы түбіндегі мешіт берген аядай үйде тұрып жатқан ол дімкәс балаларын емдете алмай әлек.