Accessibility links

Трамп 2021 жылы Конгреске шабуылға қатысқан 1,5 мың адамға кешірім берді

Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін алғашқы жарлықтарына қол қойып отыр. Вашингтон, 20 қаңтар, 2025 жыл.
Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін алғашқы жарлықтарына қол қойып отыр. Вашингтон, 20 қаңтар, 2025 жыл.

АҚШ президенті қызметіне кіріскен Дональд Трамп 2021 жылғы 6 қаңтарда Вашингтондағы Конгресс ғимаратына демонстранттар шабуыл жасағанда наразылыққа қатысқан 1500-ден астам адамға кешірім беріп, жазасын жеңілдетті. Олар Джо Байден жеңімпаз деп танылған 2020 жылғы президент сайлауының қорытындысын растауға кедергі жасамақ болған. Бұл – Трамптың президент қызметіне кірісе сала қол қойған алғашқы жарлықтарының бірі.

Конгреске шабуыл оқиғасына қатысқан Proud Boys және Oath Keepers деп аталатын оңшыл радикал топтарға мүше 14 адамның жазасы жеңілдетілді, олар бүлік шығарды деп сотталған еді. Баспасөздің хабарлауынша, олар жақын арада қамаудан босатылмақ. Трамп кешірім жариялаған басқа сотталған адамдардың көбі құқық қорғау органдары өкілдеріне күш көрсетті я Конгресс аумағына заңсыз басып кірді деп айыпталып, түрмеге жабылған еді. Президент жарлығында "2021 жылғы 6 қаңтарда АҚШ Капитолийінде немесе оған жақын жерде болған оқиғалар кезінде заң бұзғаны үшін сотталғандардың бәріне толық және сөзсіз кешірім жасау" жөнінде айтылған.

Трамптың ашулы жақтастары Капитолийге қалай басып кірді?

Трамптың ашулы жақтастары Капитолий ішінде жүр. Осы жердегі атыстан бір әйел қаза тапты. Жергілікті басылымдардың жазуынша, Капитолий ішінде оқ тиген әйел ауруханада көз жұмған. Ол Трамптың жақтасы болған және АҚШ әуе қарулы күштерінде жұмыс істеген.

1/19

Ондаған адам полиция кордонын бұзып өтіп, шлагбаумдарды қиратып, ғимаратқа басып кірді.
2/19 Ондаған адам полиция кордонын бұзып өтіп, шлагбаумдарды қиратып, ғимаратқа басып кірді.

Трамптың ашулы жақтастары дауыс санау болып жатқан сенат залына дейін жетті. Капитолий полициясы оқ атып, көзден жас ағызатын газ қолданды.

3/19

Трамптың ашулы жақтастары дауыс санау болып жатқан сенат залына дейін жетті. Капитолий полициясы оқ атып, көзден жас ағызатын газ қолданды.

Вашингтон полициясы оқиға кезінде тағы үш адам қаза болғанын хабарлады. 52 адам бассыздыққа қатысты деген айыппен ұсталды.

4/19

Вашингтон полициясы оқиға кезінде тағы үш адам қаза болғанын хабарлады. 52 адам бассыздыққа қатысты деген айыппен ұсталды.

Республикалықтардың қарсылығына қарамастан Конгресс сайлау қорытындысын рәсімдеу процесін жалғастырмақ. Республикалықтардың талпынысы демократ Джо Байденнің президент қызметіне кірісуіне кедергі келтіре алмайды. Себебі демократтар Өкілдер палатасындағы басым орынға ие. 7 қаңтарда Конгресс Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін мақұлдағаны хабарланды. ​

5/19

Трамп жақтастарының бірі Капитолий ішінде отыр.

Трамптың әрекеттеріне қарсылығын білдіріп жүрген вице-президент Майк Пенс сессия жұмысы қайта жалғасқан соң "Капитолий ішінде хаос жасау арқылы сіздер жеңіске жете алмадыңыздар" деді.

6/19 Трамп жақтастарының бірі Капитолий ішінде отыр.

Трамптың әрекеттеріне қарсылығын білдіріп жүрген вице-президент Майк Пенс сессия жұмысы қайта жалғасқан соң "Капитолий ішінде хаос жасау арқылы сіздер жеңіске жете алмадыңыздар" деді.

Трамп жақтастары Капитолий залында жүр.

7/19 Трамп жақтастары Капитолий залында жүр.

Оқиға болып жатқанда Дональд Трамп Twitter желісінде сайлаудағы фальсификация туралы бірнеше жазба жариялап, ашулы жақтастарын тарауға шақырды. Кейін Twitter Трамптың аккаунтын 12 сағатқа бұғаттап тастады.
8/19 Оқиға болып жатқанда Дональд Трамп Twitter желісінде сайлаудағы фальсификация туралы бірнеше жазба жариялап, ашулы жақтастарын тарауға шақырды. Кейін Twitter Трамптың аккаунтын 12 сағатқа бұғаттап тастады.
Капитолий ішінде жасырынып жатқан адамдар.
9/19 Капитолий ішінде жасырынып жатқан адамдар.
Капитолий полициясы Трамп жақтастарына қару кезеп тұр.
10/19 Капитолий полициясы Трамп жақтастарына қару кезеп тұр.
Капитолий ішінде атыстан жасырып жатқан адамдар.
11/19 Капитолий ішінде атыстан жасырып жатқан адамдар.
Байден 20 қаңтарда президент қызметіне кірісуі тиіс. Ал инаугурация алдындағы сайлаушылар коллегиясының дауысын санау әдеттегі шара еді. Бірақ бұл процесс биыл кейбір республикалық депутаттардың қарсылығына байланысты үлкен дебатқа айналды.
12/19 Байден 20 қаңтарда президент қызметіне кірісуі тиіс. Ал инаугурация алдындағы сайлаушылар коллегиясының дауысын санау әдеттегі шара еді. Бірақ бұл процесс биыл кейбір республикалық депутаттардың қарсылығына байланысты үлкен дебатқа айналды.
Батыс елдерінің басшылары Капитолийдегі жағдайға байланысты алаңдаушылыр білдірді.
13/19 Батыс елдерінің басшылары Капитолийдегі жағдайға байланысты алаңдаушылыр білдірді.
Капитолий полициясы адамдарды эвакуациялап жатыр.
14/19 Капитолий полициясы адамдарды эвакуациялап жатыр.
Капитолийдегі жиын алдында Трамп Ақ үй жанында өз жақтастарына қайырылып, БАҚ-ты "қызметім мен сайлауалды кампаниям жайлы анық емес ақпараттар жариялады" деп айыптады. Ол "біз ешқашан берілмейміз, ешқашан жеңілмейміз, ұрлықты тоқтатыңыздар" деді жиналғандар алдында. Трамптың осы сөзінен кейін жақтастары 1,6 шақырым жерде орналасқан Капитолийге беттеді.
15/19 Капитолийдегі жиын алдында Трамп Ақ үй жанында өз жақтастарына қайырылып, БАҚ-ты "қызметім мен сайлауалды кампаниям жайлы анық емес ақпараттар жариялады" деп айыптады. Ол "біз ешқашан берілмейміз, ешқашан жеңілмейміз, ұрлықты тоқтатыңыздар" деді жиналғандар алдында. Трамптың осы сөзінен кейін жақтастары 1,6 шақырым жерде орналасқан Капитолийге беттеді.
3 қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен Байден Капитолийде болған жағдайды АҚШ демократиясына "шабуыл" және "бүлік" деп атады.
16/19 3 қарашадағы сайлауда жеңіске жеткен Байден Капитолийде болған жағдайды АҚШ демократиясына "шабуыл" және "бүлік" деп атады.
Трамп жақтастары Капитолий алдында тұр.
17/19 Трамп жақтастары Капитолий алдында тұр.
Полиция Трамптың ашулы жақтастарын тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.
18/19 Полиция Трамптың ашулы жақтастарын тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.
Капитолий алдындағы көрініс.

9 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306, Трамп 270 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.

19/19 Капитолий алдындағы көрініс.

9 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306, Трамп 270 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.

Previous slide
Next slide

"Бұл адамдардың бәрі бүгін кешке босатылады деп үміттенемін", – деді президент Трамп тиісті жарлығына қол қойған кезде.

Төрт жыл бұрын өкілдер палатасының спикері болған Нэнси Пелоси президенттің бұл шешімін "әділет жүйесін қорлау" деп атады.

Капитолийдегі оқиғадан кейін 1500-ден астам адам қылмыстық жауапқа тартылған, кемінде 1100 адам сотталып, 600-ге жуығы бас еркіндігінен айырылған. Трамп жарлыққа қол қойғанда сол оқиғаға байланысты сотталғандардан аз ғана адам қамауда отырған еді.

Айдар
XS
SM
MD
LG