Accessibility links

Трамп АҚШ Ресейге "оба болуы мүмкін" деген күдікке байланысты көмектесуге дайын екенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Ресейге Иркутск облысындағы "оба инфекциясы болуы мүмкін" деген күдікке байланысты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Трамп тілшілерге Ресей оны "пневмония" деп атап отырғанын айтты. Оның сөзінше, кейінгі жылдары бактериялар төзімдірек бола бастағандықтан пневмонияны емдеу қиындай түскен.

Ресейдің ТАСС агенттігі Трамптың мәлімдемесі туралы жаңалығында АҚШ президенті "Ресей Федерациясына Иркутск облысында анықталған этологиясы белгісіз пневмонияға байланысты көмек көрсетуге" дайын екенін айтты деп жазды. "Этологиясы белгісіз пневмония" – ресейлік Роспотребнадзор мекемесі қолданып жүрген ресми термин.

  • Қазан айының басында Иркутск облысы Шелехов қаласындағы Обаға қарсы күрес институтының 28 жастағы қызметкері қайтыс болған. Осы оқиғадан кейін Шелехов аудандық ауруханасының бір бөлігі карантинге жабылды. Иркутск облысының билігі аса қауіпті инфекция туралы күдік барын ресми түрде жариялады, бірақ нақты қандай ауру екенін айтқан жоқ.
  • Қайтыс болған әйелмен байланыста болған 200-ге жуық адам дәрігерлердің бақылауына алынған. Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев 2 қазанда оларда ауру белгілері байқалмағанын және зертханалық тексеру қорытындысы олардың инфекцияға шалдықпағанын анықтады деп мәлімдеді.
  • 5 қазандағы көпшілікке арналған ақпаратта эпидемиологиялық тегеру жүргізіліп жатқаны айтылған. Түпкілікті диагноз әлі ресми түрде расталған жоқ, әлгі әйелге инфекция қайдан, қалай жұққаны анықталып жатыр. Шелехов аудандық ауруханасында эпидемияға қарсы тиісті шаралар жүргізіліп жатқаны туралы хабар тарады.
  • Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Иркутск облысындағы жағдайды бақылап отырғанын, мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде санитарлық-карантин тексерулері жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Қырғызстанда да шекарадан өткізу бекеттерінде алдын алу шаралары мен санитарлық-карантин бақылауы күшейтілгені туралы хабар тараған.
Айдар
​
XS
SM
MD
LG