Пәкістанның жүк көлігі жүргізушілері автомобильдерін безендіруге үй құрылысына кететін ақшадан да көп қаражат жұмсайды. Қызыл-жасыл боялған, сылдырмақтары бар (түрлі шынжыр, қоңырау тағады - ред.) көліктер Пәкістанның көркіне айналған.
Көлікті "пәкістанша" сәндеу

1
Пәкістан жолдарынан әлем-жәлем боялған жүк көліктерін көруге болады. Мәселен, мына автомобиль Қарақорым жоталарындағы жолмен кетіп барады.

2
Көлік безендіру шебері Хуссейн Нұр (оң жақта) Равалпиндидегі шеберханасында көмекшілерімен бірге жұмыс істеп жатыр.

3
Мұнда көп жұмыс қолмен жасалады. Мұндай шынжырлар көлік жолға шыққанда сылдырмақ сияқты дыбыс шығарады.

4
Равалпиндиде сатылатын декорациялық заттар. Жүк көліктерін сәндеу мұнда бизнеске айналған.

5
Жүк көлігін безендіріп жатқан суретші. The New York Times газеті Пәкістанда жүк көлігін сәндеу құны 25 мың долларға дейін жететінін жазады.

6
Соңғы штрихтар. Клиенттің қалауына қарай мұндай жұмысты атқарып шығуға кейде бірнеше апта кетеді.

7
Салондағы құралдың бірі.

8
Жүк көлігіне жапсырылатын аттың сұлбасын бедерлеп отырған шебер.

9
Тауыс пен гүлдер. Аңыздағы атырап. Жүк көліктерін безендіргісі келетін жүргізушілердің ең жиі сұрайтын суреттері. 2017 жылдың басында Пәкістандағы бір жүк көлігіне Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның да суреті салынған.

10
Фейсалабадтағы жүргізуші көлігінің кабинасын көрсетіп отыр.

11
Жүк көліктері туралы жақында шыққан мақалада "пәкістандықтардың жүк тиеу үшін көліктің түріне де мән беретіні, егер көлік ойдағыдай безендірілген болса, жүкті сеніп тапсыратыны" жазылған.

12
Пәкістан жолдарындағы ең басты қағида - эстетика. Ал жылдамдық, аэродинамика сияқты мәселелер екінші қатарда тұрады.

13
Равалпиндидегі дәнекерлеуші көлікке орнатылатын мына бір декорациялық бұйымның соңғы детальдарын әзірлеп жатыр.

14
Равалпиндиде жүк көлігін бояп отырған суретші. Пәкістандағы жүк көліктері безендірілген, қызылды-жасылды түрлерімен танымал.

15
Көліктің сәніне қарамастан, оларға жүкті аямай басады.

16
Кейде осындай да жағдайлар болып тұрады.