Accessibility links

Түркияда жалтақ БАҚ-тың белгісі пайда болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркияның бірнеше қаласында өтіп жатқан халық шерулерін әу баста елемей, пингвиндер туралы хабар көрсеткен жергілікті телеарна жаңа символдың тууына себеп болды.

Шерушілер мен полиция қақтығысып жатқан кезде негізгі коммерциялық телеарналардың бірі құстар туралы хабар көрсетіп жатты.

Мұндай оқиға 1991 жылы Ресейде болған еді. Ол кезде телеарналар "Аққу көлін" көрсеткен.

Стамбулда шерушілер мен полиция қақтығысып жатқан тұста елдегі телеарналардың енді бірі аспаздық жайлы, Адольф Гитлер туралы хабар таратып жатты. Ал CNNTurk телеарнасы демонстрациялар қызған уақытта Антарктидадағы мұздақтардың еруі мен пингвиндер туралы хабар көрсетті.

Осы аптада наразы жұрт екі телеарнаның алдына келіп, шеру туралы хабарды тек әлеуметтік желілерден ғана алғандарын айтып ашуланды. Әлеуметтік желілерде телеарналардың бұл әрекеті мазаққа ұшырап, тіпті біреуі кешірім сұрады.

Жерорта және Қара теңіз жағасында тіршілік етпейтін алыс мекенді пингвин бейнесі де осы кезде танымал болып кетті.


Төмендегі твитте былай деп жазылған:

"Антарктида қарсы! "Бұл мұздақтың еруі жайлы емес" дейді пингвиндер.
Стамбулдағы ауа-райы: газ, 27 градус; Анкара: кешке газ болады" (полиция шерушілерді тарату үшін көп мөлшерде қолданған газға қатысты жасалған емеурін - ред.).


Материалды Азаттық тілшісі Гленн Кейтс әзірлеген.

Түркия туралы не білесіз?

Түркия туралы не білесіз?

Тесті бастайық

XS
SM
MD
LG