Accessibility links

Ашғабат – ақ мәрмәр ғимараты ең көп қала

Түркіменстанның астанасы Ашғабат қаласы "әлемдегі ақ мәрмәр тастан салынған ғимараттары ең көп қала" ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Қалада жалпы аумағы 4,5 миллион шаршы метр жерді алып жатқан, мәрмәрмен қапталған 543 жаңа ғимарат бар. Гиннесс сайтының дерегінше, бұл қалада құрылысқа кеткен мәрмәрді жерге жайса, әр 4,87 шаршы метр жерге бір шаршы метр мәрмәрден келер еді.

Ал түркімен парламенті 25 мамыр күні "сүйікті отанымыздың саяси, экономикалық және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін" деп, ел президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовке "Түркіменстанның еңбек сіңірген архитекторы" құрметті атағын берді.

Халықаралық Amnesty International ұйымы әлемнің 159 еліндегі адам құқықтарының жай-күйі туралы жыл сайынғы есебінде Түркіменстанда азаматтардың жүріп-тұру және ақпарат алу құқығы шектелгенін, оппозиция қуғын көретінін, саяси еркіндік қысымға түскенін, сайлаудың әділ де азат өтпейтінін айтты.

XS
SM
MD
LG